Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесӘнші

Бақыт Шадаева: «Жақсы ер азаматты армандаймын»

Күні кеше Бақыт Шадаева 50 жасқа аяқ басты. Өнер иесі Алматының қақ ортасында ет жақындары мен бір топ отандық шоу-бизнес өкілдерін шақырып, меншікті мерекесін атап өтті, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Бақыт Шадаева осы күні атақ пен абыройға, құрбы мен құрдасқа кенде емес. Қос қыз өсіріп, немере сүйіп отырған жайы бар. Тіпті елуге келсе де дене сымбаты мен қылығын жоғалтпаған. Алайда өнер иесінің де өз әттеген-айы бар. Әнші жанына демеу болар азамат жолықтырып, шын бақытты болуды қалайды.

«Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан» деген. Шын айтайын, қызғаныш пен түсінбеушіліктен басым біраз ұрынды. Әлі күнге дейін көкейімде тұр. Сол өтсе, міндетті түрде бір түсінетін жақсы ер азамат болып жатса, тұрмыс құрармын. Жаның барда, үмітің үзілмейді», — дейді Шадаева.

Бақыт ханымның жан-дүиесін жақсы түсінетіндердің бірі — Жеңіс Ысқақова. Тоқсаныншы жылдардан бері Шадаевамен бір жатақханада тұрып, өмірдің ыстық-суығын қатар көрген әнші де өнердегі құрбысының жалғыз жүргеніне алаңдаулы.

«Бақыт негізі біреудің таныстырғанына қарамайтын адам. Өзінің талғамы жоғары. Керек болса өзі тауып алады. Әлі жас. Біріншіден, қазір балалы-шағалы, немерелі боп жатыр. Қазір Бақытта үлкен жауапкершілік, қызы Урсулаға көмектесу. Өзінің қара басын ойлап та жүрген жоқ. Сол немерелердің жағдайын жасап жүрген қыз. Немерелері кішкене қатайғаннан кейін жан-жағына қарар. Мақпал Жүнісова тілегінде 90-ға дейін бір шығарсың деп айтып жатыр ғой (күліп)», — дейді Жеңіс Ысқақова.

Ысқақованың өмірінде Шадаеваның алар орны ерекше. Қос құрбы бір-бірінің тұрмыс құрып, алғаш ана атанған шағының куәгері. Сондай-ақ,  Жеңіс ханымның той көйлегін түні бойы тігіп, өміріндегі маңызды сәттерде жанынан табыла білген де дәл осы Бақыт ханым.

«Сол кездегі менің дизайнерім де, салоным да, мені күйеуге ұзатып шығарған да осы Бақыт. Әлі есімде, түні бойы менің көйлегімнің гүлдерін тіккен. Одан кейін таңертең тұра салып, тез-тез жуынып кел, шашыңды жөндеу керек деп, гүл шоғып жасады. Сол күні мен үшін қуанып, күшті боп тұрсың деп көңілімді көтеріп, түні бойы бүкіл жан-жүрегімен менің көйлегімді реттеген болатын», — дейді әнші.

Әншінің төл мерекесімен құттықтай келгендердің қатарында Абай Бегей де бар. Бүгінде қос перзентін тәрбиелеп, әке мен ананың да міндетін қатар алып жүрген Бақыт Шадаеваның ер мінезділігіне тәнті.

«Менің байқағаным, бір сөзді азаматша. Ер мінезді, сондай бір қайсар қыз десек болады. Жақсы ана. Сондықтан мен сыйлаймын. Әншілігін де құрметтеймін. Міне, туған күніне гүл мен кішігірім сыйлығымызды берейік деп келдік», — дейді Бегей.

Бүгінде Бақыт Шадаеваның тұңғышы тұрмыс құрған, екі жиені бар. Қызы төркіндетіп, қонаққа жиі келіп тұрады екен. Себебі анасының  жалғыздығына алаңдайды. Әншінің қос қызғалдағы өмірлік серігін жолықтыру жайлы жиі сөз қозғайтын көрінеді.

«Балаларым менің бақытымды қалап тұр. Бірақ мен аласұра үйге біреуді ертіп келе салмаймын ғой. Ұрындым, сондықтан енді әрбір істі ойланып жасауым керек. Әрине, жақсы бір азаматты армандаймын. Өйткені мен әйелмін», — дейді Бақыт Шадаева.

 

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close