Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесӘн сөздеріӘнші

Меруерт Түсіпбаева: «Қазір біз қандай ән айту керектігін білмей қалдық»

Сахнадан сән кетті, әннен мән кетті. Бауыржан Момышұлының келіні еліміздегі саны көп сазгерлерді сынға алды. Отандық эстрада өкілдері мағыналы әндер таппай әуре сарсаңға түскен бе? Толығырақ Shownews.kz ақпараттық порталының тілшісі тарқатады.

Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова, бүгінгі қазақ сахнасындағы әндер мен әншілерді, сондай-ақ сазгерлерді де  қатаң сынның астына алды.

«Ерінбеген етікші болады, ұялмаған әнші болады» дегендей. Әйтеуір ұялмағанның бәрі әнші. Әлгі әндерінің сөздерінің өзі сұмдық. Менің таң қалатыным, кейбіреулер шіреніп, елу әнім бар, алпыс әнім бар тұрады. Бірақ соның барлық әнін  халық білмейді ғой», — дейді жазушы.

Ал жас әнші әрі композитор Ұшқын Жамалбек болса, Зейнеп Ахметованың пікірімен мүлдем келіспейді.

«Маған айта ма, басқаға айтсын бәрібір. Енді өзге композиторларға анау-мынау деп айтпаймын. Мен өзіме жақын, халықтық әуенге сай, одан кейін қазіргі жастардың талғамына байланысты, синтездік дүние жасауға барынша ынта саламын. Өйткені заманыңнан да қалмау керек. Ата-тегіңді де ұмытпау керек. Сондықтан мен биік деңгейдегі дүниелер істеген кезде өзімді жақсы сазгер, әнші ретінде елестете аламын», — дейді өнер иесі.

Иә, Ұшқын нағыз әмбебап әртіс. Репертуарындағы әндерінің басым бөлігінің авторы да, орындаушысы да өзі. Ал мұндай бесаспап өнер өкілдері, Зейнеп Ахметованың жүйкесін жұқартып жүр.

«Бір ән жаза алмай отырып, бұлар өздерін композитор санайды. Әйтеуір әмбебап. Әнін де өзі айтады. Сөзін де өзі жазады. Оның сөзінде не мән жоқ, не мағына жоқ. Тіпті кейбіреулері «мен сенің анауыңды сағындым, мынауыңды сағындым» деп айтады. Сондай өрескел естіледі», — дейді Зейнеп Ахметова

Меруерт Түсіпбаева Момышұлының келінімен қос қолдап келіседі.  Себебі, бүгінгі қазақ эстрадасында мағыналы әндер тапшы.

«Ол кісінің сөзінің жаны бар. Екіншіден, көрерменнің талғамы өзгерген. Қазір біз қандай ән орындауымыз керектігін білмей қалдық. Танымалы да, жасы да, кәрісі де, Әйтеуір менің еститінім, бәрі ән іздеуде. Көрерменнің талғамы өзгерді ме, композитор жоқ па білмеймін не болды», — дейді әнші.

Әннің өзіне де, сөзіне  де аса талғампаздықпен қарайтын Тамара Асар болса, аға, орта буын, жастардың өз талғамы барын айтады. Әнші тыңдарманның таңдауына талас тудырудың аулақ.

«Қай заманның болсын, өзінің әні болады ғой. Қазіргі шығып жатқан туындылар, жүз пайызға жаман деп айта алмаймын. Жақсы шығармалар да бар.  Бірақ жалпылама, тенденция бір күндік, екі айлық әндерге кетіп қалды ғой. Сондықтан барлығы нашар деп жоққа шығаруға болмайды. Талантты композиторлар қай заманда да, қай ғасырда да өмір сүрген. Жиырма бірінші ғасырда да бар», — деді Тамара Асар.

Иә, бүгінде сахнадан сән кетті, әннен мән кетті. Бұл жайында тіпті атышулы «Азия» мен «Бақай» да заманауи тыңдарманға әзіл әндері арқылы астарлап жеткізіп жүр.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close