InstaNewsЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесӘн сөздеріӘнші

Әйгілі «Дос-Мұқасан» тобының «Той жыры» әніне — 50 жыл!

Еліміздегі әрбір жастың үйлену тойы, әйгілі «Дос-Мұқасан» тобының «Той жыры» әнінсіз өтпеген болар. Мінеки, биыл дәл осы тамаша туындыға жарты ғасыр толып отыр, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Елу жыл бойы той төрінде шырқалып, жас жұбайлардың әнұранына айналған туынды, 1970 жылы жарық көрген. «Той жыры» хитінің шығу тарихы да қызық. Сол жылдары «Дос Мұқасан»  орындаушылары атақты «Политех»-тің студенттері еді. Араларында топтың белді мүшесі Мұрат Құсайынов үйленбекші болып, әріптестері сыйлық ретінде дәл осы әнді тарту етіпті.

«Бұл ән Мұрат Құсайыновтың тойына екі-ақ сағат қалғанда туындаған болатын. Досым Сүлеев пен Ұлықпан Сыдықов «Той жыры» әнінің сөзін әп-сәтте жазып, гитараның сүйемелдеуімен салтанатты жиында шырқап еді. Міне, содан бері жас жұбайлардың бойтұмарына айналған, тіпті батыл түрде әнұраны деп айтуға тұрарлық  «Той жыры», осылай дүниеге келді», — деп топ мүшелерінің Instagram-дағы ресми парақшасында жазба жарияланып, ғажап туындының тарихы кеңінен тарқатылды.

Әлеуметтік желідегілер де ән авторларын құттықтап, жылы лебіздерін жаудырды.

«Бұл ән 1980 жылы тойымызда шырқалған», «Тамаша туынды», «Той жыры» әнінің сөзі де, әуені де әдемі. Өте қатты жақсы көреміз», — деп жазды «Дос-Мұқасан» тобының оқырмандары.

Иә, «Той жыры» бастапқы нотасынан-ақ дүйім жұртты бірден баурап, шат-шадман күйге бөлейтіні бар.  Қазақстанда әлі күнге дейін әр шаңырақ көтерген жастың қуанышты кеші, аталмыш әнсіз басталмайтыны да сондықтан. Ендеше алтын қордағы хиттің ғасырдан ғасырға әуелей беретініне де сенім мол.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close