Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & ТеатрМузыкаПродюсерРепортаждарСұхбаттарШоу бизнесШоумен & ТұлғаЭксклюзивӘнші

Нұржан Керменбаев келіншегін үйде қалдырып, шекара аспақ

Жыл басында бірден ыстық жаққа немесе отандық туризмді қолдауға асығатын шоу-бизнес өкілдері, биыл да демалыстың жоспарын құрып үлгерген, деп хабарлайды Shownews.kz тілшісі.

Жыл сайын қаңтардың қақаған аязында отандық  әртістер шекара асуға асығады. Биыл да бұрынғы үрдістен жаңылмақ емес. Дәл қазір жұлдыздар жүктерін жиып, сапарға аттануға дайын жүр. Мәселен, Айгүл Мүкей қыстық демалыс үшін жылы жақты таңдаған.

«Он күннен кейін Тайландка барайын деп жатырмыз. Демалуға барамыз», — дейді Айгүл Мүкей.

Әдетте, түсірілім тобымен Корея, Америка, Африка, Дубайды аралаған Дариға Бадықова бұл жолы шетелдегі  демалысты өзіне арнамақшы. Актриса  тарихи мекендерді аралап, рухани азықтансам дейді.

«Ақпан айына қарай Стамбулға барып келсем ба деп тұрмын. Менің ең сүйікті қалам – Стамбул.  Өйткені, маған мәдениеті бар,  көне болады ғой, сондай қалалар ұнайды маған. Сол Стамбулға барып демалып келетін шығармын деп отырмын», — дейді актриса Дариға Бадықова.

Биыл Ақбота Сейітмағамбет те  жылы жаққа  барып демалуды көздейді. Алайда, отағасынан жауап күтіп жүр. Дәурен шешім шығарған күні, бірден демалысқа кететіні анық.

«Негізі шетел аралау барлығының арманы. Қалай қыс болады барлығы бірден жылы жаққа ұшып кетеді. Енді жолдасым жаңа жылға қай қалаға, қай елге алып баратынын әзірге білмеймін, белгісіз.  Бірақ ойында бар шығар. Мүмкін мені жылы жаққа апарып демалдыратын шығар», — дейді Ақбота Сейітмағамбет.

Ал, шекара асса бейнебаян таспалап, бір оқпен екі қоян ататын қара баланың да демалысқа жоспары құрылып қойған. Бірақ бұл жолы жанұясын үйде қалдырып, жалғыз аттануға тура келеді. Себебі, әнші мен келіншегі үшінші сәбиін күтіп жүр.

«Келіншегім бара алмайтын сияқты. Бірақ барынша енді сол кісінің орнына қыдырып келемін ғой.  Өзім жалғыз қыдырып келемін немесе дос балалармен.  Жетеді ғой енді, Құдайға шүкір», дейді Нұржан Керменбаев.

Тоқтар мен Бейбіт шетелдегі сапарға жоспар құрып бас қатырмайды.  Жұлдызды жұп үшін нағыз демалыс – ауылдың тыныс-тіршілігі.

«Жаңа жылда біз ауылға кетіп қаламыз. Қалада болмаймыз.  Шатырлаған әлгі от шашулардың арасында болмаймыз.  Біз өзіміздің ауылда  анамыз бар. Сол анамызға барып қасында боламыз. Жылы жұмсағын жейміз, соғымын жейміз», дейді Тоқтар мен Бейбіт.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close