Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесЭксклюзивӘнші

Шоу концерт болған жоқ! Кентал шеке шығармашылық кештерін берген әртістерге өз бағасын берді

«Жылдың шоу концерті!» 2019-да елге есеп берген жұлдыздарға әріптестері өз бағасын берді. Алайда, Кентал биыл жеке шығармашылық кештерін берген өнер иелеріне көңілі толмайтынын айтты, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Биыл отандық орындаушылар арасында жеке кештерін өткізіп, елге есеп берген өнерпаздар көп.  Ал, «жыл концертіне» кім лайықты? Әртістер  өзара шын мықтыны анықтап, ең үздік шығармашылық жобаға бағасын берді.

«Биыл кәдімгідей қарапайым ғана концерттер берді. Маған ұнаған жоқ. Уау!- деп таңғалмадым»,- деді Кентал

Иә, Кенталдың көңілінен ешқандай концерт шықпаған. Ал, Alem Band-тің жігіттеріне отандық орындаушылардың шоуы емес, шетелдік әртістердің шығармашылық кеші  ұнаған секілді.

«Жылдың үздік концерті  Алексей Чумаковтың концерті болған сияқты. Өйткені, эстрада жұлдыздарының бәрі сол кеште болды. Сондықтан сол концерт деп ойлаймын», — дедйді Alem Band жігіттері.

Айтпақшы, осы жылы Әлішер Кәрімов те сахнадағы 15 жылдығын атап өтті.  Екі күн қатарынан республика сарайында дүркіретіп жанды дауыста кеш берген әншінің ерекше образдарына Гүлнұр Оразымбетова жоғары бағасын берді.

 «Әлішер Кәрімовтың концерті өте керемет,  жаңа форматта өтті деп естідім және көрдім. Сондықтан да Әлішер шығар. Әлішер қай кезде де тіпті бір ән айтатын концертке келсе де үлкен дайындықпен келеді, үлкен жауапкершілікпен. Сондықтан дамен үшін ең үздік Әлішер Кәрімов», — дейді Гүлнұр Оразымбетова.

Ернар Айдар да биылғы жылдың еңбекқор әртістері қатарында. Қанша шығындалса да шетелдік Араш пен Асияно, Сердар Ортачты шақырып, Алматы аренада алғаш рет 12 мыңдық аудиторияның алдында  кеш өткізді. Ернардың пайымдауынша биылғы жылдың шоу концерті өзінікі.

«Ең керемет, ең үздік, тамаш болған ол менің шығармашылық кешім», — деді Ернар Айдар.

2019 дың үздік шоулары қатарында Әлидің де ән кеші бар. Қанша сынға ұшыраса да Оқапов «Биле» атты концертінде өзін нақты дәлелдей білді. Оның ұзақ уақыт дайындалған еңбегі текке кеткен жоқ. Әріптестері де  оң бағасын беріп жатыр.

«Біз үшеуміз бірге Әли Окаповтың концертіне барған болатынбыз. Керемет әсерге,  керемет көңіл-күйге бөлендік. Ағамыздың концертінен үлгі алып өзімізде болашақта осындай үлкен концерт берсек қой деген солай армандадық», — дейді KESHyou.

«Әли Оқаповтың концерті жақсы өтті. Өте керемет жоғарғы деңгейде. Әлидің кештері жақсы өтеді.  Өте ерекше», — дейді Тамар Асар.

Иә,  Әлиді жоғары бағалаушылар көптеп байқалады. Оқапов дәл осы шығармашылық кеші  арқылы еліміздегі премиялардың бірінде «жылдың шоу концерті» марпатына ие болды.

«Рахмет көп көп! Шыныменде өте бағалаймын. Өте қымбат мен үшін әріптестерімнің пікірі», — дейді Әли.

Елге есеп беруде Марсель де қарап қалған жоқ. Республика сарайында өзінің ең алғашқы «Уақыт» атты шығармашылық кешін өткізді.

Бірінен соң бірі халықты жинап, концерт бергендер тізімінде Ғазизхан да бар. Алматы шаһарында Шекербеков «Еркекпін мен» деп ән шырқап, кешке келген көрерменге керемет әсер сыйлаған еді.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close