Басты жаңалықтарЖаңалықтарСұхбаттарШоу бизнесЭксклюзив

Ақбота Дәурен Айдарқұловты бірінші отбасына жіберді

Бірінші некесі сәтсіз аяқталған Айдарқұловты балаларын әкесіз қалдырды деп көпшілік сөккен еді. Алайда, Дәуреннің келіншегі Ақбота Shownews.kz ақпараттық порталына берген сұхбатында алып-қашпа әңгімені жоққа шығарды

Әуелде әйелімен ажырасып, екінші мәрте отбасын құрғанда Дәуренді көпшілік сынаға алған еді. Десек те, алғашқы некесі сәтсіз аяқталғанымен балаларын Айдарқұлов әкесіз қалдырмаған. Оған Ақбота да қарсы емес. Мәселен, дәл қазіргі таңда актер бірінші жанұясының жанында.
«Дәурен қазір Нұр-Сұлтанға кетті, балаларына. Бірінші отбасының жанына. Жақында Алла қаласа, Алматыға келеді», — дейді Ақбота.
Иә, Айдарқұлов мереке қарсаңында алғашқы шаңырағындағы құлыншақтарының жанында болуды ұйғарған. Тіпті бүлдіршіндерінің жаңа жылдық шыршасына қатысып, жұлдызды әкенің демалысы қызықты өткені байқалады. Ал 31 – күні Дәурен мейрамды қай отбасымен қарсы алмақ?
«Енді бұл сұраққа жауап бере алмаймын. Бірінші отбасынң өзінің басқа шаруалары бар.Олар мүмкін өздері Нұр-Сұлтан қаласында қарсы алады. Біз өзіміз ата-енем мен бала-шағалармызбен қарсы аламыз», — дейді Сейтмағамбет.
Соңғы кездері жұрт назарына жиі ілікпейтін Ақботаның шығармашылығында да белсенділік байқалмайды. Бұрындары көк жәшіктен түспейтін Сейтмағамбет кино алаңынан да көрінбейді, ән де жазып жатқан жоқ. Себебі, бикештің сырқаты сыр берген.
«Алдағы жылда міндетті түрде өнерімді қолға аламын. Алла тағала, маған бір үлкен сынақ берді. Алла тағала, сүйген құлдарына ғана ауру береді дейді ғой. Енді, емделіп міндетті түрде 2020-да шығармашылығымды дамытамын. Қазақстанның барлық қалаларын аралап концерт беремін», — деді Ақбота Сейтмағамбет.
Келер жыл Ақбота үшін жемісті болатын секілді. Өйткені, 2020 да әнші шығармашылығына бар ынтасымен кірісіп, ұзақ үзілістен кейін өнерін өрбітуге уәде берді.
«Аллаға шүкір! Барлығы жақсы. Жағдайым жақсарып болып келе жатыр. Сахнадан көрінбей кетуімніңде себебі осы. Көп ауырып қалып жатырмын. Енді бүкіл елге жар салып айта алмаймын сырқатымды. Өзімнің ғана сырым ғой. Енді алдағы уақытта емделіп кетемін деп ойлаймын», — деді Ақбота-Нұр.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close