Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & ТеатрКлассикаМузыкаШоу бизнес

Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова 90 жасқа толды

Бүгін қазақ ән өнерінің бұлбұлы атанған Бибігүл Төлегенова 90 жасқа толды, хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Бибігүл Төлегенова – КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Социалистік Еңбек ері, Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы, Астананың құрметті азаматы, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының профессоры. Бибігүл Ахметқызы 1929 жылы 16 желтоқсан күні Семей өңірінде дүниеге келген.

Қазақтың бұлбұл үнді әншісінің өнерге еткен еңбегі мен төккен тері орасан зор. Бүгін 90 жасқа толған тұлғаның құрметіне орай бас қалада «Жыл әні – 2019» алтын қордағы хиттер фестивалі өтеді.

JYL ÁNI – Қазақстан Респубикасының тәуелсіздік күні мен КСРО Халық әртісі Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың 90 жылдық мерейтойының құрметіне орай ұйымдастырылған музыкалық фестиваль. Тек таңдаулылар жолдама алған гала-концертте 50-ге жуық алтын хиттер шырқалады. Елімізде алғаш рет өткелі отырған аталмыш мәдени шарада қазақ өнері өкілдерінің басым бөлігі бой көрсетпек. Бұл кеште елімізге еңбегі сіңген әртістерден бастап, орта буын және жас орындаушылар да ретро туындыларды тыңдарманға тарту етеді.

     Кеш қонақтары: Ескендір Хасанғалиев, Нұрғали Нүсіпжанов, Нағима Есқалиева, Айжан Нұрмағанбетова, Майра Ілиясова, Қыдырәлі мен Қарақат, Толқын Забирова, «Музарт» тобы, «Жігіттер» тобы, Ерке Есмахан сынды танымал әншілер қатысады. Бибігүл Ахметқызын мерейтойымен құттықтап келген өнерпаздар фестивальдің арнайы мүсіншесімен марапатталады. 10 мыңнан астам тыңдарман тамашалайтын концерттік бағдарламадағы әр әнге арнайы сахналық қойылым, шоу, LED-экран әзірлену үстінде.

«Жыл әні – 2019» фестивалінің мақсаты – ұлттық музыканы дүйім жұртқа дәріптеу әрі насихаттау. Сондай-ақ, өнерпаздардың шығармашылыққа деген құлшынысын ояту. Айта кетейік, гала-концерттен түсетін қаржы толықтай қайырымдылыққа жұмсалады.

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, «Барыс Арена» мұз айдыны, Тұран даңғылы, 57

Күні және уақыты: 16 желтоқсан, сағат 18.00.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close