Басты жаңалықтарЖаңалықтарШоу бизнесЭксклюзивӘнші

Айқынға алғаш табыс әкелген қай ән?

Айқын ең алғашқы тапқан табысы жайлы ашық айтты. Бұл туралы әнші Мұрат Насыровты еске алу кешінде жария етті, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Күні кеше Мурат Насыровты еске алу кеші өтті.  Отандық шоу-бизнес өкілдері марқұмның шығармашылығын жаңғыртуды көздеген. Көзі кетсе де артынан өлмес музыкалық  мұра қалдырған Насыровтың әндері кезінде талай жастың жұлдызын жағуға себепші болған.

«2007жылы мен «SuperStar.KZ» жобасына қатысып «Кто-то простит» әнін орындап финалға өткен болатынмын», — деді Әділжан Омаров.

ЗКТ: Сондай ақ, Айқын да  Мұраттың «Кто-то простит» туындысымен тыңдармандарын баурап, алғашқы табысын тапқан.

«Мұрат Насыровтың өлеңдерін бала кезімнен білемін. Соның өтеңдерін тыңдап өстім. Тіпті, ең алғаш шығармашылыққа қадам басқанда мейрамханаларды Насыровтың әндерін айтып табыс тапқанмын», — дейді Айқын Төлепберген.

Мұрат Насыровты  еске алуға арналған дәл осы кеште Мақпал Исабекова тұңғыш рет ұйғыр тілінде ән  орындады.

«Сахнаға шықпас бұрын қатты қобалжыдым. Өйткені, бірінші шырқаған әнім ұйғыр тілінде болатын. Сөзін ұмытып кетемін ба,  жоқ, дұрыс айтпай қаламын ба деп қатты уайымдадым. Себебі, залда көптеген ұйғырша жақсы сөйлейтін кісілер отырды. Солардың алдында ұятқа қалып қалмаймын ба деген қобалжу болды. Бірақ бәрі жақсы болған сияқты», — деді Исабекова.

Кештің жоғарғы деңгейде өтуіне ат салысқан  әнші – Нұргүл Нұғманова.  Концерттік бағдарламаға тарихи тұлғанының таңдаулы туындыларын топтастырған.

«Негізі концертке бір жылдай дайындалатын шығар. Біз бір айда бәрін дайындап болдық. Бір ай бүкіл дайындықты жасап, өлеңдерін кім айтады, қандай өлеңдерін алайық дегендей. Бүкіл өлеңдерін айтқымыз келді. Бірақ, енді қолымыздан келгенінше міне бірнеше өлеңдерін алдық», — деді Нұргүл Нұғманова.

Бұл кеште марқұмның отбасы да бой көрсетті. Дәл қазіргі уақытта Насыровтың жанұясы Алматыда тұрады. Ұлы Әкім мен қызы Лия да әке жолын қуған кәсіби музыканттар.

 «Менің білуімше әкемнің тәрбиесі өте мықты болатын. Ол жұмсақ та, қатал да бола білді. Маған қабағын түйгенде бірден жинала қалатынмын», — деді М.Насыровтың ұлы, Әкім Насыров.

«Бұл концерттің басы қасында жүрген Дильназ Ахмадиева. Ол қолынан келгенінше Мұратты танитын жандарды, жақындарын жинап осындай кеш өткізіп жатыр. Рахметімді айтамын», — деді марқұмның жары, Наталья Бойко.

Айта кетейтік, Мұрат Насыров соңғы жеке шығармашылық кешін 2005 өткізсе, араға екі жыл салып өмірден озған еді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close