Басты жаңалықтарЖаңалықтарСәнШоу бизнес

Танымал визажист Санди Бексырғаның өмірлік серігіне қояр талабы қандай?

Күні кеше танымал визажист Санди Бексырға меншікті мерекесін атап өтті. Мансаптық жолында жетістікке жеткен ару, теңін неге таба алмай жүр? Өнердегі құрбысы Зарина Омарова Сандиге күйеужігіт іздеуге кіріскен бе? Толығырақ Shownews.kz ақпараттық порталының тілшісі тарқатады.

Еліміздің сәнөндірісінде өзіндік орнын ала білген Санди Бексырға, Алматының қақ ортасында туған күнін қарсы алды. Сылқымның  ет жақындары мен отандық шоу-бизнестің өкілдері бой көрсеткен сауық кеші, бұл жолы white party форматында өтуімен ерекшеленді.

Сандидің make up саласындағы мансабы аспанға шарықтағанымен, отыздан асса да, отау құруға асығар емес.

«Басым әлі бос. Жеке өмірімде жаңалық болса айтамын. Алла Тағала өмірлік серігімді «форточкадан» бере салады-ау. (күліп) Шыны керек, ешкім ұнамайды. Жүрегімнің қалауындағы жігітті әлі көрген жоқпын», — дейді Санди Бексырға.

«Ооо, Сандидің талғамы биік. Өйткені өзінің жұмысы да, киім киісі де жоғары болғаннан кейін барлығы сондай болу керек деп есептеймін», — дейді Зарина Омарова.

Зарина Омарова тіпті, құрбысына  күйеужігіт іздеудің қамын да қарастырған. Алайда…

«Сол менде бойдақтар болмай жүр. Әйтпесе жолдасымның достары бар ма екен деп, ойланып көрген едім. Өкінішке орай бәрі бос емес екен», — дейді әнші.

Сандидің қуанышына ортақтаса келген Тамара Асар, Зарина секілді жеңгетайлық жасамаса да, жүрегінің жартысын жолықтырсын деп, ырымдап әкелген ерекше сыйын табыс еткен.

«Бағы жанса екен деп тілеймін. Сол үшін бүгін Сандиге бір сыйлық жасадым. Күмістен жасалған аққу алқа. Сол аққудай өзінің айдынындағы теңін тапсын деп тілек айтамын», — дейді Тамара Асар.

Сандидің еңбегі тек отандық шоу-бизнестің өкілдерін емес, әлемдік аренадағы өнер өкілін C.C. Katchтің өзін тәнті еткен. Екі жарым жылдай әншіні әрлеп жүргенін ескерген дизайнер Құралай Нұрқаділова, қос бикешке әкелген кәдесімен бөлісті.

«Сандидің тек туған күні емес, салонына 10 жыл толып отыр. Сондықтан ерекше сыйлық жасауды ұйғардым. Оның жаһан жұлдызы C.C. Katchті әрлейтінін білемін. Сол себепті, түстері әр түрлі, екі бірдей кешкі көйлек сыйлауды жөн көрдім. Келешекте осы көйлектерді киіп, суретке бірге түскендерін қалаймын», — дейді Құралай Нұрқаділова.

Сандуғаш отандық сәнөндірісіке осыдан он жыл бұрын қадам басқан. Арудың алғашқы тұтынушысы Жазира Байырбекова болыпты. Содан бері жұлдызы жанған Бексырға, танымалдылыққа дейінгі жүріп өткен жолын есінен еш шығармаған. Сандидің арманы да асқақ.

«Официант, бармен, администратор болған кезде әрдайым жақсы ақша табатынмын. Қаржыдан ешқашан қиналған емеспін. Әрлеуші болу маған ақша емес, біріншіден танымалдылық алып келді. Халықтың алдында мені ерекше көрсетті. Сондықтан осындай керемет кеш өткізіп жатқан менде арман жоқ шығар. Бірақ армансыз адам болмайды.  Әлемдік деңгейде, Голливудта жұмыс істесем деймін», — дейді визажист.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close