Басты жаңалықтарЖаңалықтарШоу бизнесЭксклюзивӘнші

Пластикалық отаға жүгінген Әлішер Кәрімов сынға ілікті

Жақында ғана Әлішер Кәрімов түр келбетін өзгертіп ота жасатқанын айтқан еді. Алайда, әншінің бұл әрекетін шоу-бизнес өкілдері құптамады, Shownews.kz деп хабарлайды ақпараттық порталы

Таяуда пластикалық отаның көмегіне жүгінгенін жария етіп жазба жүктеген Алишер Каримов желідегілерге жақпай қалды.
«Не керек осы? Қатындар құсап, түкте жараспайды», «Операция жасататын әйелдер аз еді. Енді сен шықтың ба, пластикалық ота жасатып. Өзіңнің түрің әдемі еді ғой», — деді әншінің оқырмандары.
«Блеферопластика жасаттым. Жасыратын ештеңесі жоқ, жасырмаймын. Кейбіреулер жоқ, ештеңе жасатқан жоқпын дейді ғой. Бірақ, бетінде көрініп тұрады ғой жасатқаны. Не үшін алдаймыз? Иә, жасаттым. Менің ойымша өте жақсы шыққан», — дейді Әлішер Кәрімов.
Әлішер бұдан былай әр қадамын ашып айтуға бел буған. Алайда, көзін үлкейткен Кәрімовтың әрекетін әріптестері әбестікке балап отыр.
«Ол әке-шешеге кішкене ауыр тиуі мүмкін ғой енді. Менің түсінуімше, әке-шешемізге неге бұлай тудың, бір жерімді жетістірмей деген сияқты. Бәрі Алланың беруі ғой. Ондай ота жасататын жағдайға жете қойған жоқпыз. Құдайға шүкір, жап-жас жігітпіз», — дейді «Заман» тобының солисі, Әсет.
Сымбатты көріну үшін шетел асып қалтасын жұқартуға да дайын ер азаматтардың қылығын Ерген де құптамайды.
«Құдай сізді қалай жаратты, қисық қылып жаратты ма солай жүре беру керек. Құдайға деген шүкіршілік осыдан басталады. Жоқ мына түрім маған ұнамайды десе ол күдік келтіру деп санаймын. Тіпті қисық тұрған тістің өзін түзеуге болмайды деді ғой. Пешенеңе солай жазылды ма оны өзгертіп керегі жоқ», — дейді «Заман» тобының әншісі, Ерген.
Түр келбетін өзгерту үрдісі жаһандық жұлдыздар арасында да белең алған. Пластикалық отаның тұрақты тұтынушыларының тізіміне танымал футболшы Криштиано Рональдо енсе, бұл қатарды Валерий Леонтьев, Сергей Зверев сынды ресейлік шоу-бизнес өкілдері толықтырады.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close