Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & ТеатрШоу бизнес

Өнер қырандарының актеры соққыға жығылды

Күні кеше Республика сарайында "Өнер қырандары" "Алма-Ата" атты кеш өткізді, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталының тілшісі.

«Алма-Ата». Күні кеше өткен «Өнер қырандары» театрының кезекті кеші дәл осылай аталады. Әр концерт сайын қоғамдағы өзекті мәселелерді көріністеріне арқау еткен өнер ұжымы, бұл жолы да айқын мақсаттарынан айналып өтпеді.

«Алма-Ата деп жай қойған жоқпыз. Театр болғаннан кейін жай емес, астары болса деген ойымыз ғой. Бұл жерде Алма-Ата, алма және ата деген мағына бар. Алма деген кәдімгі жеміс бар. Алма деген қажет емес, алудың қажеті жоқ деген терең ой жатқан тақырып болды», — дейді актер Мадияр Серікбаев.

Иә, театр жетекшісінің айтуынша, кештің «Алма-Ата» деп аталуын әркім өзінше қабылдауы қалыпты. Тіпті, ұжым актерларын бір арнаға тоғыстырған Алматы, өнерпаздарды әрқалай қарсы алған.

«Алғаш келген кезімізде калакала шалбар, жасыл көйлек, сары галстукпен келгенбіз. «Музарт» тобын бірінші рет көрдім. Мейрамбек ағамыздың денсаулығына байланысты қатты арықтап кеткен жылдар ғой. Бір әртіс көрсем деп армандап келгенмін ғой. Содан таң қалып, қатты қуанғаннан көзімнен жас аққан», — дейді актер Сырымбет Бибосынов.

Ал, театрдың тағы бір өкілі Жанболат,  Алматыға алғаш аяқ басқан жылдары жайлы-жұмсақпен жолықпай, бірден басбұзарлармен байланысқан.

«Адасып кетіп, таяқ жеген сәттер болды. Ол кезде Алматыда Сейфуллин даңғылы атақты болды. Сол көшенің бойымен Белинский жаққа түсіп келе жатқан кезде таяқ жеп, бірдеңе қылып қашқанмын. Таяқ деген үйреніп қалған нәрсе ғой. Ауылдан келген баламыз. Содан тоңалып, Алматы қандай қала екенін түсініп, осы 14 жылдың ішінде үйрендік», — дейді «Өнер қырандары» театрының актеры.

Иә, Алматы көпке арман қала екені рас! Әйтсе де, алып шаһардан жол табу – әркімнің өз қолында!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close