InstaNewsБасты жаңалықтарЖаңалықтарӘнші

Динара Сұлтан алтыншы мәрте ана атанбақ

Динара Сұлтанның бес баласымен фотоға түсіп, желіге жүктеген посты жұрттың қызығушылығын оятты, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Динара Сұлтан желіге әсерлі пост салып, әр сәбиі дүниеге келген сайын несібеге бөленетінін жазды. Әнші инстаграм парақшасында оқырмандарымен басынан өткен оқиғасымен бөлісті. Көп балалы ана дәл қазіргі уақытта алтыншы нәрестесін күтіп жүргені ресми түрде растады.

«Сурая – дүниеге келгенде, мен танымалдылық шыңында болдым, халықаралық конкурстарды жеңіп, Динара Сұлтан болып елге танылдым. Сара – дүниеге келгенде, мүлдем басқа өмір басталды. Шетелге көшіп, басқа елдің дәстүрімен таныс болдым. Иман – дүниеге келгенде, өміріміздегі шешілмей жүрген маңызды проблемалар шешілді. Мұса – дүниеге келгенде, үш қыздан кейін аңсаған ұлымызды қойнымызға алдық. Елге оралып, армандап жүрген баспанамызды алдық. Мәди – дүниеге келген кезде, он жыл бойы түскім келген оқуға түсіп, осы жылы магистрант атандым. Сабақ беруге әбден құқығым болды. Сол жылы шығармашылығыма оралып, «Жұлдызды жекпе-жекті» ұтып,  жаңа аппақ көлікке ие болдым. Ақ көйлек киіп той жасадық. Алла қаласа бұл нәресте де өз несібесімен келеді. Алдымыздағы жыл жаңа проект пен қызықтарға толы. Дүниеге келген сәби ол – жаңа өмір, жаңа тыныс, мен үшін үлкен стимул», — деді жазбасында Динара.

Динараның дәл осы соңғы жазбасы жұрт назарын аудартты. Бикештің оқырмандары қуанышымен бөліскен әншіге ізгі тілектерін жолдаған.

«Бұл сәбиіңіз де өз несібесімен, аман-есен дүниеге келсін», «Маған да сіздей ана болу нәсіп етсін!» «Әр бала өз ризығымен. Алла тіл көзден сақтасын!», — деді оқырмандары.

Жүкті екенін ешкімге айтпай, құпия ұстауды жөн көрген ана ай-күні жақындағанда жағымды жаңалығымен бөлісуді дұрыс деп санаған. Динараның бұл қуанышынан өнердегі құрбылары да хабардар. Алайда, әншінің жақындары өзі ресми түрде мәлімдемейінше ешкімге тіс жармаймыз деп шешкен көрінеді.

«Сенің жағымды жаңалығыңмен бөлісетін осы күнді қатты күттім. Қуаныштымын!» — деді  құрбысы, Данара.

 «Динарчик, керемет жаңалықтарың, жетістіктерің көп болсын! Құттықтаймын!» — дейді Салтанат Бақаева.

 «Жаным, құттықтаймын!» — деп, Дильназ Ахмадива да ізгі тілегін жолдады.

Жақында шоу-бизнестегі жұлдызды балақайлардың саны артпақ.  Аша Матай, Дильназ Ахмадиева сынды бикештер де биыл ана атанбақ.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close