ЖаңалықтарКлиптерМузыкаӘнші

Ержан Максимнің орнын басар жас талант табылды

Данелия Тулешова, Ержан Максим сынды өнерпаздардың жолын жалғайтын жас талант табылды. Аружан Тастекей атты ару «Голос дети» жобасында ел намысын қорғауға ниетті, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Аружан Тастекей. Бұрымдының жасы бар болғаны 12-де! Десе де, бес бейнебаян түсіріп үлгерген жас өрен, күні кеше «Менің қалам» атты клипінің тұсауын кесті. Тың туындының желісі марқұм Денис Теннің қайғылы оқиғасына негізделген.
«Бұл бейнебаянды марқұм бауырымыз Денис Теннің, оқиғасына байланыстырып жасағанымыз бар. Өйткені, ақ джип, ақ машинаның айнасын ұрылар қолды еткісі келеді. Бірақ, Аружан оларды тоқтатады», — дейді клип режиссері Азамат Ержанұлы.
Шығармашылығын шыңдауда талмай еңбек ететін өнерпаз кезекті клипінің керемет шығуы үшін бар күшін салғаны байқалады.
«Бізде бәрі тез план бойынша өтті. Әр сцена, әр дублі өз уақытымен болды. Менің ойымша бір қиындығы ауа-райының суық болғандығы. Бірақ, бейнебаян желісінде сахналық образдарды көрсету мен үшін жеңіл болды. «Менің қалам» және «Ару қыз» атты туындым ұнайды», — дейді Аружан.


Тастекей бірнеше республикалық және халықаралық ән байқауларының жүлдегері. Дәл қазіргі уақытта Ресейдегі «Голос дети» байқауына қызу дайындық үстінде.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close