ЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесӘнші

«Маған бәрібір!» Мақпал Исабекова жалаңаш суреттеріне қатысты жазғандарға жауап берді

Ал, Әли Оқапов желідегі жұртқа неге жақпай жүр?Мақпал Исабекова кереғар пікір жазғандармен қалай күресетіні жөнінде айтты, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталының тілшісі.

Қазақ сахнасында алты жылдан аса тер төгіп, таяуда ғана зәулім сарайда дүйім жұртқа әдемі ән кешін берген Әли Оқапов, қанша еңбектенсе де жұртқа жақпай-ақ қойды. Әлеуметтік желідегілер әншінің өнерде жүруін танымал тегінің арқасы десе, енді бірі анасының ықпалы деп сынайтын көрінеді.

«Кейбіреулер менің тегіме, ата-анама тиссе, өзге жұрт жеке өміріме, өнеріме тіл тигізеді. Мені сөкпеген жерлері қалмады ғой. Орынды, орынсыз пікір болса да көңіліме тиеді», — дейді Әли.

Ал, бұрындары хейтерлердің қақпанына түспейтін Айқын Төлепберген, Жұлдыз Өмірғалимен жұптасқалы жағымсыз пікірлерден көз ашпай келеді.

«Менің тарапыма көп айтылатын сынның бірі – «KeshYou» туралы ғой. (күліп) Басқа не айтады? Әніме, өнеріме әңгіме айта алмайды. Жұлдызға тиседі», — дейді Айқын.

Бірнеше жыл бұрын Зарина Омарованың дене бітімі мүлдем басқаша еді. Артық салмақпен ұзақ уақыт бойы күрескен сылқым, бүгінгі күні 20 келіден арылған. Әйтсе де әлеуметтік желідегілер әлі күнге дейін Омарованың толықтығын есіне салып, бетіне басуды тоқтатпаған.

«Кейбір кезде сіз дәу болдыңыз деп жазады, сол сөздер кішкене көңіліме тиеді. Халыққа кішкене мәдениеттілік керек сияқты»  

Кезінде қазақтың тойы «Аспанға қараймын» әнінсіз өтпейтін. Халықтың сүйіктісі бола білген Абай Бегейді де хейтерлер айналып өтпеген. Тіпті, өзіне бағытталған өткір сөздер, әншінің денсаулығына кері әсерін тигізген.

«Кейбір керағар пікірлерді оқып, ауырып қалатынмын. Содан кейін біреулер оқымағаның абзал деп ақыл айтты. Қазір не жазса да, көңіл аудармайтын болдым», — дейді өнер иесі.

Жұрттың көбіне Мақпал Исабекованың жалаңаш суреттерін жария қылғаны жақпайды. Әнші ашық образдары үшін оқырмандарынан оңбай сөз естіген.

«Оның қайсыбіріне тоқталып, оның қайсы біріне жанымды ауыртамын. Менің өмірге деген ұстанымдарым, көзқарасым бар. Ең алдымен, сол  маңызды. Елдер айта берсін. Маған бәрібір», — дейді әнші.

Әйтсе де халық әртісі Мақпал Жүнісова, өнеріміз бағаланып, халықтың алдында қанша жарқырап жүрсек те, кемшіліксіз емеспіз дейді.

«Кейде абайсызда сүрініп кететін кездер болады. Болды да. Сол үшін әлі күнге дейін бармағыңды тістеп жүресің. Екінші жағынан халық, мені бір кереметтей, кемшіліксіз жан көреді. Менде де мін бар», — дейді Мақпал Жүнісова.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close