Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесӘнші

Ерке Есмаханның «1001 күн» атты бейнебаяны үздік деп танылды

«Жыл таңдауы – 2019» ұлттық жүлдесі мүсіншесінің кезекті иегерінің есімі анықталды. Толығырақ Shownews.kz тілшісінің материалынан оқи аласыздар!

Ерке Есмаханның 9 миллионға жуық қаралым жинап үлгерген «1001 күн» атты бейнебаяны үздіктер қатарынан орын теуіп, ару атаулы мүсіншені қанжығасына байлады.

Аталмыш жүлденің ұйымдастырушылары Еркеге күтпеген кәде әзірлепті. Естеріңізге салсақ, биыл өнер иесінің YouTube видео хостингінде «Қайда»  атты  әні 100 миллион қаралым жинаған болатын. Отандық шоу-бизнес өкілдері арасында мұндай жетістікті бұрын-соңды ешкім еншілемеген. Сондай-ақ, күні кеше өткен әншінің туған күнін ескерген жоба жетекшілері, кеш барысында бірнеше қабат тәтті тортты ортаға алдырып, арнайы құттықтады.

Тосынсый мұнымен бітпеді. Сонымен қатар, еңбекқор әнші  «Еркеша – миллионерша» арнайы статуэткасын иемденді. Атаулы мүсіншені «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек табыстады.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button
Close