Кино & ТеатрШоу бизнесЭксклюзив

Анар Батырхан тұрмысқа шығатынын мәлімдеді. Инстаграм жұлдызының болашақ жары кім?

Жақында отандық актрисалардың тағы бірі қалыңдық атанбақ. Бұл жолы өмірлік серігін жолықтырған – Анар Батырхан. ShowNews.Kz тілшісіне ағынан жарылған актриса жеке басындағы жағымды жаңалығын жеткізді.

Күні кеше ақ келін атанған Айым Сейтметованың той гүлі Анар Батырханға бұйырған еді.  Жұлдызды қалыңдықтың жолы құрбысына да жұғысты болған секілді. Инстаграм жұлдызы атанған бикеш аталған кеште тұрмысқа шығатынын мәлімдеді.

«Алла қаласа бір жылдың ішінде күйеуге тиемін. ИншАлла, өзім бір жылдың ішінде ойлап отырмын», — дейді Анар.

Анар Батырхан шоу бизнесте жүру нәзік жандылар үшін оңай еместігін біледі. Сондықтан болашақ жарын таңдауда, өнер жолынан алыс болмауын басты назарға алғанын аңғардық.

«Шоу бизнеске қатысы бар. Бірақ түбегейлі әнші немесе актер деп айта алмаймын. Ертең өнерімді түсінетін, ер жігіт деп ойлаймын. Не болып кететін Құдай біледі. Әзірге бәрі жақсы», — дейді актриса.

Анардың болашақ арқа сүйер азаматы Алматылық екені мәлім. Бірақ, «аузы күйген үрлеп ішедінің» күйін кешкен сылқым, одан артық сүйіктісі жайлы жалпақ жұртқа сыр ашқысы келмейтінін айтты.

«Жеке өміріме қатысты барлық сұрақтарға жауап бергенді ұнатпаймын. Себебі, бір кездері барлығын айтып, жігітіммен айырылысып кеткенмін», — дейді Батырхан.

Батырхан бұрынғы жігітімен қош айтысқанымен, бүгінде бұл биекштің су жаңа сүйіктісі бар.  Енді өз теңін тапқан өнер иесі косметиканың көмегіне көп  жүгінбейтінін жеткізді.

«Қазір мен табиғи сұлулыққа көшіп жатырмын. Менің ойымша қатты боянудың қажеті жоқ екен. Жігітім де қарсы емес. Сен макияжсыз да сұлусың. Боянбай-ақ қой деп айтып отырады», — дейді Анар.  

Ғашығын жолықтырған Анар Батырхан, енді қалындық атанудың қамына кіріспек. Бірақ тойының дәл қай күні екенін айта алмайды.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close