ЖаңалықтарМузыкаСұхбаттарШоумен & ТұлғаЭксклюзивӘнші

Мақпал Жүнісова: «Қайта-қайта теледидарға түсіруді қойыңдар!» Халық әртісі ұл-қыздарын жұлдыз қылуға тырысатын танымалдарды сабасына түсірді!

Танымалдардың баласы танымал болу шарт емес! Дәл осылай дабыл қаққан Мақпал Жүнісова қаршадайынан ұл-қызын сахнаға сүйреп, жұлдызды өмірге бейімдейтін әріптестерінің әрекетін түсіне алмай әлек. Бұл жайында Shownews.kz ақпараттық порталына берген сұхбатында айтты.

Мәселен, халық әртісінің Мерейі музыкаға жақын, әнге әуес. Бірақ, Жүнісова жалғыз қызынан «жұлдыз жасауға» құлықты емес.

«Өнерге жақын. Бірақ, әнші болмаймын дейді. Концерттерге, театрға барады, өлеңдерді көп тыңдайды. Әншілердің бәрінің атын жатқа біледі. Бірақ, өзі әнші болмаймын деп шешті. Қуаныштымын. Әнші болу оңай емес», — дейді Мақпал Жүнісова.

«Анасы үшін өнер жолынан гөрі, балалық шағының бақыты маңыздырақ! Десек те, ел алдында жүрген жұлдыздардың өз перзенттерін жаппай жұрт назарында ұстауы әдетке айналғандай. Тіпті, Қайрат Нұртас екі ұл мен қос қызын айлап әнсапарға алып жүреді. Мұндай жағдайға Мақпал ханым мүлдем қарсы.

«Өйткені, ол бала – ел баласы сияқты бәрі бірге мектепке бару керек. Мен қызыма олай жасамаймын. Сен менің қызымсың. Халық әртісінің қызысың. Гастрольде жүруің керек, бірге еріп жүруің керек, қайта-қайта теледидарға түсуің керек деген әңгіме жоқ біздің үйде. Өзі де жақсы көрмейді», — дейді Халық әртісі.                                                                                                                  

Ал, Сиви бүгінде бір бұрымды мен екі ұлдың анасы. Махмұттың қызы кез-келген бала жүрек қалауына бағыну керектігін айтады.

«Мен қалағаныммен, ертен болашақта олардың не болатынын білмеймін ғой. Мысалы, қазір әртіс болмайды десем, әртіс болып кетсе. Алдын-ала болжап неғыламын. Сол үшін болашақтың еншісінде» , — дейді Сиви Махмуди.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close