ЖаңалықтарШоумен & Тұлға

Мадина Мейрамбекке ғашық болғанын мойындады

Өмір мен өнерден жолын тапқан эстрада жұлдызы Мадина Сәдуақасова өткен күнді еске аламын деп құпиясын жайып салды.

Сәдуақасова қазіргі уақытта өзінің өнердегі жолы жайлы бейнебаян түсіруде. Өнер иесі кезекті клипіне 1999 бен 2019 жылдардың арасындағы өмір жолын тоғыстырмақ ниетте. «1999 және 2019! Режиссердың ойы бірінші. Бір салыстырмалы түрдегі осы екі кезең. Өйткені, мүлдем бөлек. Заманда өзгерген, адам да өзгерген», – дейді Мәдина.

Әнші «Үнсіздік» атты бейнебаянында жүріп өткен жолын айна-қетесіз көрсетеді. Сондай-ақ, кезінде өзі ғашық болған жігіттің де сырын ашпақшы. Ол жайында осы уақытқа дейін ешбір жанға тіс жармай келген бикеш, бұл құпиясымен ақыры бөліспекке бекініпті. Мәдинаның студент кезде түн ұйқысын ұрлаған жігіт – Мейрамбек Бесбаев болып шықты. «Мәдина Сәдуақасова мысалы өзгерді. Мүлдем басқа адам. Жас студент кезде ғашық болған адамы, мына өмірде, қазіргі оның досы, әріптесі және де ешқандай сезім қалмаған», – дейді Мәдина.

Қазіргі таңда Мейрамбек пен Мәдинаның арасында сезімге орын жоқ, есесіне әріптестік қарым-қатынасқа қаз-қалпында. Ал, өнерде бағы жанған Сәдуақасованың, өмірде қолы жетпеген тағы бір арманы бар. «Мен армандасам, ол орындалады! Сондықтан менің армандарымның – 98 пайызы орындалды дәл қазір. Екі-ақ пайыз қалды орындалмаған. Ендігі арманым – қызды болу!» – дейді Сәдуақасова.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button
Close