жоғарыКлиптерТелерадио

«Мынаны әйелім көрмесін» Қайрат Мөлдірді жатқызып қойды

Жұлдыздар арасындағы ұзақ жылғы әріптестік кейде жарасымды қалжыңа ұласып жатады. Бірақ, бұл жолы Әуелбековаға көрсетілген құрмет халықты біраз шулататын түрі бар.

«Түнгі студия» бағдарламасының кезекті қонағы болып шақырылған Мөлдір Әуелбекова диванда жатып ән шырқады. Оны бұлай етуге үндеген кеш жүргізушісі Қайрат Әділгерей болатын. «Гүлмін» әніне түсірілген бейнебаянды тамашалап болған соң, шоумен Мөлдірге сол клипті қазір қайталап көру туралы ұсыныс тастады. Диванға қисайып әннің қайырмасын орындап жатқан әншінің үстіне шоумен роза гүлінің күлтелерін шашып тұрды.

Өз қылығын әзілге айналдырған Қайрат «Өмірімде бірінші рет жасап тұрмын, мынаны әйелім көрмесін» деп құтылды. «Ұялған тек тұрмастың кейпімен» гүл біте салысымен, «Мөлдір, қазір қасыңа барып жатамын» деп қағытып қойды. Көрермендер табан астындағы қойылымға қарық болғанымен, желідегі пікірлердің кейбірі бұны әбестікке санап жатыр.

Загрузка...
Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button
Close