ЖаңалықтаржоғарыКлиптерМузыкаӘнші

91 тобы мен Димаш Құдайбергеновтың 8 наурызға тартуы

Құрметті, арулар, аналар мен әжелер. Сіздерді келіп жеткен 8 наурыз мерекесімен «Жұлдыздар әлемі» порталының атынан құттықтағымыз келеді.

Осы орайда Димаш Құдайбергеновтың де жанкүйерлерін сарыла күттірген бейнебаяны жарыққа шыққанын алға тартамыз. Әлемді бағындырған 6 октавалы орындаушы «Аққуым» әніне түсірілген бейнебаянын арнайы осы күні шығаруды жоспарлаған. Оның айтуынша бұл — нәзік жан иелеріне тарту.

https://youtu.be/lK46Lv1th_I

Дегенмен, 8 наурыздағы тосын сый легі аяқталмады. Өйткені, аталған мерекемен құттықтай отыра, жаңа туындыларын арнаушылар қатарында 91 тобы да бар. Инстаграм желісінде 4 наурыздан бастап әйелдер қауымын мейрамдарымен арнайы бейнежазба арқылы құттықтай келе бүгін «Lady» атты әндерінің MP3 нұсқасын желіге жүктеді. Әдетте жігіттер әннен кейін бейнебаянға жүгінетінін ескерсек, бұл әннің де бейнелі нұсқасын жақын арада көріп қаламыз деген үміт бар. Сіздер қалай ойлайсыздар, «Жұлдыздар әлемі» порталының қырандары?

https://www.instagram.com/p/BuvWh0OhQF5/?utm_source=ig_share_sheet&igshid=lpmjf0e8xgdo
Загрузка...
Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close