Басты жаңалықтарКлиптерМузыка

Айқын  Жұлдызды  пиар үшін пайдаланғанын жасырмай айтып салды

Жұлдызды осымен екі бейнебаянына түсірдіген Айқын негізгі мақсатын ашып айтты. Көпшіліктің сан түрлі пікіріне қарамастан, әнші әйелін пиар үшін клипіне дүркін-дүркін түсіріп жүр.

Әншінің айтуынша, бұнда тұрған еш әбестік жоқ, темірді қызған кезде соғу керек.

⠀»Адамдар, басқа адамның өмірін қайдан білсін. Менің өмірім солай. Мен ары қарай ашудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Адамдар өздері болжам жасайды да, неше түрлі нәрсені жазады. «Ты моя муза» деп Жұлдызды түсіріп жатырмын ғой. Болды, түсінікті ғой бәрі.⠀Әрине, енді пиар ғой. Пиар үшін жасалады. Басқа біреуді түсірсем үндемейді. Жұлдызды түсірсем әңгіме көп болады. Ол да бір пиар қадам ғой. Кезінде Анджелина мен Брэд Питт қосылғанда да пиар жасады. Кәдімгідей пиар болды. Қазір екеуі ажырасып кетті. Ол да бір пиар қадамдары ғой өздерінің», — деген әнші үшінші клип түсіру ойында бар екенін жасырмады.

«Екінші клипте біз ойладық «басқа адамды түсіреміз бе?» деп. Кейін «Басқа адамды түсірмей-ақ қояйық, Жұлдызды түсірейік» дедім. Себебі бірінші клипте жай өтті де, бұл жолы актерлік қыры көбірек болды. Үшінші бейнебаянда басқа бір нәрсе болатын шығар», — дейді әнші.⠀
Айқын  осыған дейін әйелі Жұлдызды «Жүрегім ақ» және «Ты моя» клиптеріне түсірді. Естеріңізге сала кетсек, әншінің қоржынында алғашқы жұбайымен түскен бейнеклип те танымалдылыққа ие болған еді.

Загрузка...
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close