Жаңалықтаржоғары

Баян қызының тойына экс-күйеуін шақырды ма?

ФОТО: NUR.KZ

Алматыда танымал продюсер Баян Алагөзова қызы Айсәулені шығарып салу рәсімін өткізуді. Ұзатуға продюсердің жақын туыстары мен өнердегі достары жиналған көрінеді. 

Көрерменді қызықтыратын сұрақтың басым бөлігі: “Баян қызының тойына әкесін шақырды ма?” Желіге салынған суреттер бойынша, ұзату тойдың тізгінін ұстау Тұрсынбек Қабатовқа бұйырған. Тілек айту кезінде, төрде Баянмен бірге қазіргі жолдасы Тұрсен Алагөзов тұр. Оқырмандардың болжауынша, экс күйеуі тойда жоқ.

Онымен қоса, осы той үшін «Алау тобы» қайта жасақталған. Топтан осыдан жарты жыл бұрын кеткен Әсет те «Гүл әпше» әнімен тараған құрамда қайта ән салды. Қыз ұзату рәсімі халық сынынсыз өткен жоқ. Қалың көпшілік Айсәуленің сәукеле киіп тұрып, иығы ашық көйлекпен шыққанын жарыса айтып жатыр. Алайда, Айсәуле дәстүрден де аттамай, артынан ерген сіңілілеріне өз қолымен үкі таратты. Желіде күйеужігіт пен қалыңдықтың періште бейнесіндегі кішкентай жұптардың арасында билеген алғашқы вальсінің үзіндісі тарап кеткен.

Загрузка…
Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close