Шоумен & ТұлғаҚара бетӘнші

Шырын Нарчаеваның заң алдында жауап бергенін жұлдыздар да қалайды

Атышулы Шырын Нарчаеваның сотқа тоғытылғанын тек үстіне арыз берген Мүсір Құрманғазы Мұстафаұлы ғана емес, жұлдыздар мен мәдениет өкілдері де қалайтыны анық. Ендеше, Шырын Нарчаеваның әрекеттеріне ой білдірген жұлдыздардың пікірлеріне көз жүгіртіңіз.

“Мына бәлені қалай тоқтатуға болады? Не деген көргенсіздік, ата-анасы, ағалары жоқ па? Мен видеосын салуға (ұяттан) дәтім бармады. Көрем десеңіздер, Бибігүл Дәулетбектің парақшасында тұр. Кешірім сұрағандай қылды да, артын саусағын шығарып әбден мазақ етті. Билік басындағылар бір шара қолдану керек қой. Казашкамын деп қояды, қазақ емес-ау шамасы”, – деген жазба қалдырған болатын Асхат Тарғын парақшасында.

«Басында мен де «қойшы осыны, атын шығара алмай, жер өртеп жүрген қыз ғой» — деп көңіл бөлмедім. Бірақ мына қылығы тіпті басқа қонымсыз. Ата-бабамыздан қалған ұлттық киіміміз неге заң бойынша қорғалмайды осындай жындылардан. Неге ұлттық киімді әнұран, жалау сияқты «рәміздер туралы заңға» енгізбеске. Сәукеле киіп саусағын шошайту, үстіне туымызды жамылып, жалаңаш тұрып ерсі қылық істегенмен бірдей! Заң бойынша жауап бергізу керек бұл жындыға! Ұяда не көрсе, ұшқанда соны түлейді дейді. Мына сұмдыққа жеткенімізге кім кінәлі? Әрине ата-ана өзңміз кінәлі. Ел болам десең бесігіңді жөнде деген. Енді міне, жүгенсіз жүрген мына қызды кім жөндейді?- деген болатын Айқын Төлепберген.

Мәдениет саласы бойынша қандай да бір ауыр жазаның жоқ екенін білеміз, ендеше Шырын Нарчаеваны заңға тоғыту мүмкін деп ойлайсыздар ма?

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close