ЖаңалықтаржоғарыШоумен & ТұлғаӘнші

Raim мен Artur қазақ қыздарына үндеу жариялады

Қазақ қыздарының құнын қаралап, ұлттық нақышты киімді  орынсыз киетіндер көбейді. Нарчаева Шырынның дауы дүркіреп  тұрған шақта,  “ағалары” мәнді трэкпен қарындастарына үндеу жариялады.

Бұл туралы «Жұлдыздар әлемі» порталы хабарлайды.

Raim мен Arturдың “Сәукеле” деп аталатын су жаңа әніне бейнебаян түсіріліп, күні кеше көрермендерді қуантты. Әнде қазақ қыздарының қадірін көтеретін сөздер мен ананың әлдиіне деген құрмет көрсету көзделген болса керек . Бейне баянда көзіңіз үйренген танымал қазақ қыздарының сәукеле киген бейнесін көрсеңіз, ана рөлін жігіттер Жанар Айжанованың сомдауын жөн деп тауыпты. Тіпті, сәукелелі блогерлерді байқап қалсаңыз таң қалмаңыз.

Ән мәтінде қазақ қыздары бойынан табылуы керек қасиеттер  қамтылған. Аталмыш туындының сөзін орындаушылардың  өзі жазса, әуен авторы-топ продюсері Данияр Рахметжанов көрінеді.  Аз уақыттың ішінде желідегі бейнебаян халық ықыласына бөленіп, көпшілік қолдауына ие болды.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close