Жаңалықтаржоғары

«Мені ақымақ қылғанына қынжыламын»: Ерболат Төлеген өзі жүргізген жоба продюсерінен ақшасын ала алмай жүр

Әзіл әлемінің әртісі Ерболат Төлеген Алматы арнасындағы бағдарлама продюсерімен келіскен қаржысына қол жеткізе алмай жүр. Бес-алты айлық еңбегінің өтемін қайтара алмаған әзілкеш арна басшылығынан да көмек сұрап көрген деп хабарлайды «Хит-Тв» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әзілкештің айтуынша, ол бес-алты ай бұрын отандық телеарна ұсынған «Беу туған жер» атты бағдарламаны жүргізуге келіскен.

Түсірілім ойдағыдай өткенімен, жоба продюсері түрлі сылтаумен ақшаны азайтып бермек болыпты.

Ерболат Төлеген мәселені Алматы арнасының басшысына айтқанымен, олар мардымды жауап қайтармаған.

«Бағдарлама ақпарат және коммуникациялар министірлігінің тапсырмасы бойынша түсірілді. Түн батқаннан таңға дейін таспаланды.

Жел демей, жаңбыр демей бастан аяқ жүргіздім. Барлығы куә. Қазір қалың көрерменге ұсынылуда. Басында 16 бағдарлама түсіруге келістім. Кейіндері тағы қосылды.

Осы бағдарламаны түсіріп жатқандықтан, бірнеше жобалардан бас тарттым. Мәселе ақшада емес. Мені ақымақ қылғанына қынжыламын», — деді әртіс.

Айта кететіні, Ерболат Төлеген жоба продюсерімен қағаз жүзінде келісімшарт жасаспаған.

Ал Алматы телеарнасының басшылығы «Шмән апаның» ауызша келісіміне еш қатысы жоқ екенін айтты.

«Біз жалпы көрерменге ұсынылатын бағдарламаларды арнайы аутсорсингтік компаниялардан сатып аламыз. Олар өнімді дайындап бізге өткізеді. Арнайы жобаны тексеріп, кем-кетігін түзетіп, ұнаса қабылдап, ақшасын уақытылы аударамыз. Ал продюсермен қызметкерлер арасындағы қаржылық келісімге қатысымыз жоқ», — деді Алматы арнасының бас продюсері Рита Кенжаловна.

Дереккөз: Nur.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close