Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғары

Төреғалидың тойын ұйымдастырған продюсер кімге ренжіді?

Кеше ғана үйленгеніне үш жыл толған соң үйлену тойын өткізген Төреғали Төреәлі журналистерге ғана мінез көрсетпей, тойының ұйымдастырушысы Жан Мұқановты да өкпелеткен тәрізді деп хабарлайды Nur.kz Бұл туралы продюсер Instagram парақшасында жазған.

«Сүйікті еліміздің музыка және телеарна индустриясында аз уақыт еңбек етпедім және мені ештеңе таңғалдырмайтын болар деп ойлайтынмын. Бірақ таңданатын нәрсе әлі де бар екен. Алматыдан Таразға әдемі жобаны әдемі отбасында талқылауға кетіп барамын. Алғаш рет анам қайтыс болғанда Алматыдан жүрегім дәл осылай ауырып қайтқан еді. Ол кезде Алматы мен үшін ерекше қала болудан қалды, сүйікті қалаларымның бірі болғанымен ерекшесі емес. Міне қазір дәл сондай сезіммен кетіп барамын. Көптеген ауыр қиындықтар мен ауыр сөздерге, кемсітулер мен қорқытуларға қарамастан мен және менің командам аталған жобалардың бәрін абыроймен алып шықтық. Он күн отбасыңнан, туған үйіңнен алыста жүру – оңай болмады», -деп жазған ол.

Желі қолданушылары болса өз кезегінде продюсерді той иелері ренжіткен болар деген болжам айтты.

«Сізді ренжіткен бүгінгі той иесі шығар. Қиын адам екені, сараң адам екені сезіледі. Сізге сабырлық! Алладан қайтсын! Еңбегіңізді халық біледі. Кəсібіңіз жүре берсін!», «Не болсын, баяғы ақшасына келісе алмаған шығар, Төреғалидың әкесі нашар адам, баласының абыройын төгіп жүреді», «Жан, сіз Төрештің тойында көрінбедіңіз», «Жүгіріп жүгіріп тойда болмаған қандай жаман Сіздей адам көп болсын»,- деп жазған.

Еске салсақ, Жан Мұқанов өз командасымен бірге Төреғали Төреәлінің Алматыда өткен бес күндік концерті мен үйлену тойын ұйымдастырды.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

2 пікір

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close