ЖаңалықтарШоу бизнес

Қайрат Нұртастың жұлдызын жаққан кім?

Қайрат Нұртас, Динара Сұлтан, Әміре сынды таланттарды дер кезінде тани білген кім? Ал Нағима Есқалиева кезінде өзін сахнадан шеттеткендерге неге шүйлікті? Сәкен Майғазиев Музартқа дейін не тындырды, не бүлдірді? Өнер өкілдері сыры мен шынын Shownews.kz тілшісіне бүкпесіз баяндап берді.

Күні кеше Алматыда Кесоглудың «Әнім — жүрегім» атты  80 жылдық мерейтойы өтті.  Бұл концертте халық әртісінен бастап, үлкен сахнаға енді қадам басқан кіл шәкірттері бас қосты. Байқағанымыздай, Лаки мырзада тәлім алғандардың көбі бүгінде қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары.

«Талантты алыстан танитын қасиетім бар. Өзім көрген студенттің деңгейін,  болашақта бірдеңеге қол жеткізетін байқай аламын. Бұл жағынан еш қателеспеймін», — дейді  ҚР Халық әртісі Лаки Кесоглу.

Лаки Константинұлы өз шеберханасынан шыққандардың еңбегін бағалағанымен, бүгінгі қазақ сахнасындағы әртістің көптігіне наразы.

«Әнші деген қазіргідей көп емес,  жалғыз дана болу керек. Біздің қазіргі эстрадада әншілер өте көп!» — деді Қайрат Нұртастың алғашқы ұстазы.

Кесоглу көп таланттың танылуына өз үлесін қоса білгені анық. Соның бірі – халық әртісі Есқалиева. Кезінде Нағима ханымға көптеген өнер ордаларының есігі жабылып, жалғыз қалған шақта демеу берген.

«Лаки Константинұлы өте талапшыл адам, ол кісімен тағдыр түйістірмегенде, қазақ эстрадасының сахнасында Нағима Есқалиева есімі болмайтын еді.  Себебі, сол кезде мені  көптеген байқаулардан, эстрада колледжінен шеттетті. Өйткені, мен эстрадалық вокалды емес, қуыршақ «театр әртісі» мамандығын бітіргенмін», — дейді Нағима Есқалиева.

Бүгінде Кесоглудан дәріс алып, өнер көгінде өз орнын таба білгендердің қатарын Қайрат Нұртас, Динара Сұлтан, Әміре сынды таланттар толықтыра түскен. Талай шәкірттің шамшырағын жаға білген ұстазының 80 жылдығымен құттықтай келген, Сәкен Майғазиев те тұңғыш рет тәлімгерімен кездескен күнді есіне түсірді.

«Әнімді айтып болған соң бұл кісілер бастарын шайқап, шыға тұрыңыз деп айтты. Сосын мен ұнамаған екенмін деп ойлап, дәлізде күтіп тұр едім, ішке шақырды. Кірсем, екеуі бала ұқсап «мен аламын, мен аламын» деп таласып отыр екен. Содан бері құдайға шүкір, шәкірті боп келе жатырмын», — дейді «Музарт» тобының әншісі.

«Ағайдың сүйікті шәкірттері көп қой,  соның бірі мен болдым. Проблемалар болып қалғанда «ағай, көмектесіп жіберіңізші деп келетінмін. Осы сабақтан 3 алып қалдым деп. Сонда ағай үнемі қолдайтын мені» — деп, Әміре өткен шақты еске алды.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close