ЖаңалықтарСпорт

Тараз қаласының әкімі Елдос Сметов пен Зульфия Ғабидуллинаға пәтер кілтін табыс етті

Тараз  қаласының әкімі Рүстем Дәулетов  паралимпиадалық чемпион Зульфия Ғабидуллинаға және Рио-де-Жанейродағы Олимпиада жүлдегері Елдос Сметовке салтанатты жағдайда пәтер кілтін табыс етті, деп хабарлады ҚазАқпарат

«Еліміздің «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңына сәйкес қаланың жергілікті атқарушы органы Олимпиада, паралимпиада, сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етті, деп хабарлады Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінде. — Осы мақсатқа республикалық бюджеттен екі пәтер сатып алуға 19,8 млн теңге қаражат бөлінді».

Таяуда салынған үш қабатты тұрғын үй облыс орталығының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Мұнда компания шағынаудан салады, онда «жасыл аймақ», сауда орталығы, балалар алаңдары, спорт құрылыстары болады.

«Зульфия Ғабидуллина алаңы  81,8 шаршы метр 3 бөлмелі пәтер, Елдос Сметов — алаңы 61,9 шаршы метр 2-бөлмелі пәтер алды», — деді  Тараз қаласының  әкімі Рүстем Дәулетов.

«Спортшыларға осындай құрмет көрсеткені, қамқорлық жасағандары үшін өзімді бақытты санаймын!   — деді Зульфия Ғабидуллина. Бүгін керемет мереке   — Балаларды қорғау күні — бізге ерекше сыйлық табыс етілді. Үлкен рахмет!».

Еске салсақ, паралимпиада  чемпионы Зульфия Ғабидуллина — жүзуден ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері,   ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, әлемнің 12 дүркін рекордшысы.

Рио-де-Жанейродағы Олимпиада жүлдегері  қазақстандық  дзюдошы Елдос Сметов те халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

 

 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close