Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғарыШоумен & Тұлға

Өнер жұлдыздары Ақтөбемен бірге!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкіміне сай бүгін 9 маусым — Ұлттық аза тұту күні. Аза тұтуға байланысты елімізде ойын-сауықтық бағдарламалар, мәдение шаралар көрсетілмейді, ұйымдастырылмайды. Бүгінгі күнге орай өнер жұлдыздары Ақтөбеде болған жағдайға қайғырып, көңіл айтады.

Сәкен Майғазиев: Жазықсыз жапа шеккен жандар мен қазадан қара жамылған жанұяларға қайғырып көңіл айтам. АЛЛА тағала елімізге тыныштық, жұртымызға амандық бергей.

Асылхан Төлепов: Ақтөбеме Алла жар болсын! Батырларымыздың ерлiгiн ұмытпаймыз!

Мейіржан Әлібекұлы: Қайғыны бөліссе, азаяды. Ақтөбелік ағайын, дос-жаран, жанға жара салған үлкен қайғыға отбасыммен ортақпын. Елге есендік тіледік!

Серік Ибрагимов: Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Қайғыларыңызға ортақпыз!

Денис Тен: Қайғылы күн, қара жамылған жанұяларға қайғырып көңіл айтамын, еліміз аман болсын!

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close