АфишаБасты жаңалықтарЖаңалықтарКино & ТеатрТұсаукесерШоу бизнес

Нұртас Адамбайдың «Аким» фильмі Шымкенттің экс-әкіміне арналады

Күні кеше үлкен экранға жол тартқан Нұртас Адамбайдың «Аким» фильмінің жарыққа шығуына Шымкенттің экс-әкімі түрткі болған, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Күні кеше отандық тағы бір фильмнің тұсауы кесілді. Бұл жолы комедиялық жанрда таспаланған туынды «Аким» деп аталады. Басты рөлде әдеттегідей әмбебап әртіс – Нұртас Адамбай. Сценарий сан мәрте өзгертілген туындыда қаладан ауылға барған жас әкімнің өмірі суреттеледі. Жаңа басшы кино желісінде түрлі қиындықтарға тап болады. Десек те, жергілікті жердегі мәселелердің шешу жолдарын қарастырады. Мәселен, атқамінердің арқасында тұрғындар әлеуметтік желіге қол жеткізеді.
«Алғашқыда фильмнің сценарийі әкім жайлы болмады. Бірінші, қалалық жас жігіттің ауылға барып, мектепте мұғалім болғаны жайлы. Екіншісі, тағдырдың қалауымен актер жігіттің ауылда өмір сүруі. Әйтеуір соңында әкім тақырыбына тоқталдық. Себебі, дәл осындай нұсқамен еліміздегі шалғайда орналасқан ауылдардың проблемасын қозғай аламыз»,- дейді Нұртас.
«Нұртас фильмнің «Аким» болып өзгеруіне Шымкенттің экс-әкімінің айтуы түрткі болды деді. Сондықтан киноның сценарийі өзгерді»,- дейді актер Дархан.
Адамбайдың кезекті комедиясы үйреншікті актерлық құраммен жасақталған. Кинопродюсердің барлық жобасында бой көрсететін Дархан Дайырбек бұл жолы әкімнің оң қолы.
«Түсірілім барысында режиссермен ақылдасып, сценарийді өзгертіп отырдық. Нұртастың өзі де импровизацияға мүмкіндік берді. Бірақ, кемшіліксіз ештеңе болмайды. Шерхан Мұртаза айтпақшы, «Бір кем дүние!»- дегендей әйтеуір бірдеңе жетпей тұрады»,- деді Дархан Дайырбек.
Ал, Гүлназ Жоланова ауыл басшысының ғашығы рөлінде. Нұртас кинодағы сүйіктісін іздеп әуре-сарсанға түспеген. Тіпті, Адамбай бір жыл бұрын фильм сценариін актрисаға арнайы жазған көрінеді.
«Нүртас маған бір жыл бұрын хабарласты. Фильм сценарийі маған жазылғаны есімде. Бірақ, кәдімгідей кастингке келдім. Одан кейін екі аптадай күттім. Сосын хабарласып басты рөлге бекіткендерін айтты»,- дейді Гүлназ.

Басты кейіпкерлердің бірін сомдаған Қайрат Әділгерей су жаңа әкімнің көмекшісі. Бірақ актер кинотуындының табысына алаңдаулы.
«Бұл жерде төреші- халық. Туынды көрермен көңілінен шыға ма оны біз шеше алмаймыз. Қазір «Аким» фильмі үлкен экранға жол тартты. Бұл жерде режиссер тәуекелге бел буып отыр. Егер көрерменге ұнамаса салған ақшасы, кеткен уақыты, еңбегі зая кетуі мүмкін»,- дейді Қайрат.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close