ЖаңалықтарӘнші

Димашты түсіну үшін «Hunan tv» арнасы 5 қазақ баласын жұмысқа алған

Димаш Құдайберген «I am a singer» жобасына қатысқан сәтте, Hunan TV арнасы оның ойын түсіну үшін бес қазақ баласын жұмысқа алған. Бұл туралы Baistars.kz хабарлайды.

Димаштың әкесі Қанат Айтбаев «Сырласу» бағдарламасында: «Бізде орыс тілін білмейтін қазақ жоқ. Орыстарға сабақ беретіндей мүмкіндігіміз бар. Бірақ, біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Өскен ортамызда өзге ұлт өкілдері көп болды. Бірақ ата-анамыз «Міндетті түрде қазақ тілінде сөйлеңдер» деген талап қоятын. Ол басқа адамдарды жеккөру деген сөз емес. Тек негізімізді ұмытпауымыз керек. Ата-анамызбен дәл қазір бірге тұрамыз. Балаларымызды тек қазақ әдебиеттерін оқуға үндеп отырамыз. Мұның барлығы тәрбиемен сіңіріледі. Иә, расымен, Қытайдағы қандастарымыз қатты қуанды. Қазақшадан қытайшаға және керісінше тікелей тәржімаланып тұрды. Бұл жердегі мақсатымыз – ана тілімізді, болмысымызды насихаттау. Әркімнің жүрегінде Отанына деген бір сезім болуы керек. Халқымыздың әнін, дәстүрін, ұлттық киімін таныту деген үлкен мақсаттан туындаған нәрсе», – дейді. Бұл ақпаратты stan.kz сайты жариялады.

Әншінің анасы Света ханым Қы тай арнасының Димашты түсіну үшін бес қазақ баласын жұмысқа алғанын айтқан. «Олар сайыс барысында кезектерімен жұмыс істеп отырған. «Hunan TV – үлкен арна. Жұмыстарының барлығы өте керемет. Оны өз көзімізбен көрдік. Димаш осы байқауға қатысқан сәтте 5 қазақтың баласын арна жұмысқа алған. Себебі, олар Димаштың тілін, айтайын деп тұрған ойын түсінгілері келген. Яғни барлық болмысын түсіну үшін қазақ тілді мамандар қажет болған. Ұйымдастырушыларға көп рахмет», – деді Айтбаева ханым.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close