ЖаңалықтарКино & Театр

«Келін» телехикаясы ақпан айында аяқталады

Фото: Indianexpress.com

Бес жылдан бері «Қазақстан» телеарнасынан көрсетіліп келе жатқан «Келін» телехикаясы 2017 жылдың ақпан айында аяқталады. Бұл туралы Baq.kz хабарлады. 

Мұны «Қазақстан» телерадиокорпорациясының төрағасы Кемелбек Ойшыбаев растады.

«Келінді қашан құртасыздар? Жаңа жылдан бастап үнді сериалдары берілмейді дегенді оқып, естіп ой бір қуанып едік. әзірге сыңқылдаған үнді сериялының музыкасының үні өшпей тұр», – деп пікір білдірген көрермендерге Кемелбек Ойшыбаев ақпан айында «Келіннің» аяқталатынын айтты.

«Келін» — «Қазақстан» телеарнасындағы рейтингі жоғары бағдарламалардың бірі. 2008 жылы жарыққа шыққан жоба көрермендер арасында аса танымал болды. Бұған дейін Қазақстанға Анандидің рөлін сомдаған актриса Авика Гор, Шивті ойнаған Сиддхарт Шукла келген болатын.

2016 жылдың 1 сәуірінде телехикаяның тағы бір актрисасы Пратюша Банерджи қайтыс болды.

Дереккөз: Baistars.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close