ЖаңалықтарӘнші

Димаш Құдайберген қатысып жатқан Қытайдағы ән байқауы 21 қаңтарда эфирге шыға бастайды

Қытайдағы I Am a Singer («Мен әншімін») байқауын көрсететін, рейтингі ең жоғары Hunan TV телеарнасы қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің бейнеролигін тәулік бойы беріп жатыр. Ол 21 қаңтардағы алғашқы эфирде бірінші болып өнер көрсетеді. Димаш жеңіске жетуі үшін 14 сыннан сүрінбей өтуі керек.

Бұл ақпаратты әлеуметтік желі қолданушылары жарыса жариялауда, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Hunan TV телеарнасы телеарнасы көрсетіп жатқан бейнероликте кадрден тыс: «Арғымақ пен əн — қазақтың қанаты. Көшпендінің қаны мені биіктерге тамсантты. Əннің рухы мені шаршатпайды. Бірінші əнімді айтып болысымен, сен менің мұнда не үшін тұрғанымды білесің. Мен Димашпын! Əнді мың құбылтамын!» деген сөздер бар. Димаш осы байқау үшін өзінің имиджін өзгертіпті.

Бұл — I Am a Singer байқауының бесінші маусымы. Ол Чанша қаласында өтіп жатыр. Осы сайыста Димаш Құдайберген Қытайдың ең танымал, ең мықты алты әншісімен бақ сынасады. Күллі қазақ оған жеңіс тілеуде.

Айта кетейік, Димаш Беларусьтың Витебск қаласында 2015 жылы өткен «Славян базары» байқауында бас жүлдені жеңіп алған болатын.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close