Басты жаңалықтарСараптамаларӘнші

Эстрада жұлдыздары қайырымдылық концерттерге қаншалықты жиі қатысады?

Қиналғанға қол ұшын созу кім-кімге де парыз. Қазақ жетімін жылатпаған халық деп жатамыз. Ендеше біздің шоу бизнес өкілдері бұл жағдайға қалай қарайды екен? Қайырымдылық кештерге баруға келісе ме? «Жұлдыздар әлемі» порталы осы сауалды бірқатар әншілерге қойып көрген еді.

thumbnail_fa8f64e44ff8861f4a8094d2c1c19447Нұрлан Еспанов:

Міндетті түрде қайырымдылық концерттерге жиі қатысып тұруымыз керек. Адамның күні адаммен ғой. Қайырымдылық концертті жасаудың өзі оңай нәрсе емес. Сондықтан әншілер ондай кештерге көбірек қатысу керек деп есептеймін.

10981955_747546672027030_5652269476688055585_nДауыс International тобы:

Қайырымдылық концерттерге жиі қатысып тұрамыз. Егер ұйымдастырып, кештерге шақырар болса, біз міндетті түрде барамыз.

photo_3782Шахаризат Сейдахмет:

Әр адам қолынан келгенше сауапты іспен айналысу керек. Қайырымдылық кештерге жиі қатысып тұрамын. Қолымнан келгенше қайырымдылық жасауға тырысамын.

OҚұдайберген Бекіш:

Шақырып жатса міндетті түрде қатысамыз. Адам болғаннан кейін бір-бірімізге көмек қолын созып тұруымыз керек. Қайырымдылық жасау ол біздің азаматтық парызымыз.

Қаракөз Т5005ілеубекова:

Қарттар үйінде, балалар үйінде, қайырымдылық кештерде, әрине, жиі жүреміз. Бұл — әр адам баласының парызы емес пе?! Сондықтан мен шын жүрегіммен өнерімді көрсетемін. Қолымнан келгенше көмегімді аямаймын.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close