Жаңалықтар

РҮСТЕМ ЖҮГІНІСОВ: Менің бірінші миллионым. Жас әнші неге тойға барғысы келмейді?

Тойға шыққысы келмейтін Рүстем Жүгінісов жақын арада жаңалықтарымен бөліспекші, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Салтанат АЯКЕН: Шынайы сүйіспеншілік пен махаббаттың үлгісі боп жүрген Рүстемнің шығармашылығында тағы бір хит. Бұл ән көпшіліктің шынайы махаббатына ие болды десем, қателеспеймін. Бүгін Рүстем Жүгінісовтің өзімен шынайы сұхбат болады. Олай болса, студияға кіріп көрейік.

Салтанат АЯКЕН: Негізі осы клип түсірмей-ақ, әнің 1,5 млн қаралым алды, YouTube желісінде.

Рүстем ЖҮГІНІСОВ: Айтпақшы, менің бірінші миллионым. Аудио жағынан да, видео жағынан да.

Иә, су жаңа әнінің танымалдығына риза болған Рүстем мырзаның бейнебаян түсіретін ойы жоқ. Карантиннің кесірінен, өнер адамдарының жіпсіз байланғанын жасырмады.

Рүстем ЖҮГІНІСОВ: Қазір клип түсірсек те студияның ішінде тығылып түсірмесек, басқа жерге шығармайды деген сияқты. Көп нәрсе істей алмай жатырмыз.

Салтанат АЯКЕН: Карантинде ән хит болған қалай екен? Шыға алмайсың, той жоқ.

Рүстем ЖҮГІНІСОВ: Негізі, күшті. «Карантинде не істедің?» деп біреу сұрайды ғой. «Хит шығардым» деп айтасың. (күліп) Иә, Аллаға шүкір, негізі айтады ғой, бір ән хит болса, оны ана жерге салып, мына жерге салып керек. Өзі кетіп қалады. Әр вайнер салып кетті ғой. «Қалаулымдікілер» бар, соларға да рақмет десең де. (күліп)

Салтанат АЯКЕН: Той жоқ, концерт жоқ. Рүстем қалай күн көріп жатыр?

Рүстем ЖҮГІНІСОВ: Еркек болғаннан кейін сен көп нәрсеге дайын болу керексің. Қара жұмысты да істеу керексің.

Салтанат АЯКЕН: Қой да бағу керек…

Рүстем ЖҮГІНІСОВ: «Жанұяңды асырайсың, сен қой бағу керексің» десе, қой бағам.

Рүстем мырза жұмыс таңдамайды екен. Айтпақшы, әншінің студент екенін сұхбат барысында білдік. Сондықтан алаңдамаңыз, шәкіртақысы бар, мемлекеттік қызметкер. Ал жеке бизнесі жайлы әзірге айтқысы келмейді. Айтпақшы, карантин уақытындағы жасырын тойлардан бас тартып жүрмін дейді әнші, десе де, мәселе басқада…

Рүстем ЖҮГІНІСОВ: Шынымды айтсам, той қызық емес. Маған концерттер ұнайды. Тек концертке шыққан ұнайды. Тойға анда-санда барып, қонақ болып, бешбармақ жеп қайтып, ән айтқан күшті, әрине. Бірақ, мен тойдың әншісі емеспін.

Салтанат АЯКЕН: Рүстем , соңғы жазбаңда инстаграм желісінде жазыпсың, «Жуырда жақсы жаңалықтармен қуантамыз» деп. Тағы бір хит дайындап жатсың ба әлде келіншегіңнің аяғы ауыр екенін айтып жатырсың ба?

Рүстем ЖҮГІНІСОВ: Ол жағы да бар,ол жағы да бар. Ән дайындап жатырмын. Бұйырса, тағы бір керемет туынды шығады.

Сәттілік тілейміз, әрине. Ал ағайынды Жүгінісовтердің триосында қандай жаңалық бар?.

Рүстем ЖҮГІНІСОВ: Көрерменсіз түсірілімдер болып жатыр ғой карантин уақытында. Соларға ескі әндерімізбен әлі де жақырады. Себебі біздің «Астана» деген әніміздің сөзін «Нұр-Сұлтан» деп ауыстырғаннан кейін оның екінші тынысы ашылды. Ол ән екінші рет хит боп жатыр. Тағы да басқа әндеріміз бар негізі. «Сен жалғыз емессің», «Бауырлар» деген әндеріміз бар. Ал қазір шығып жатқан әндеріміз жоқ, иә.

Салтанат АЯКЕН: Рүстем, қазір жұлдыздардың көбісі гифтер өткізіп жатыр, сыйлықтар таратумен айналысып кетті. Ондай әрекетке барып көрдің бе, жалпы?

Рүстем ЖҮГІНІСОВ: Негізі, иә. Өтірік айтпаймын. Екі рет гиф ойнатқан болатынмын.  Менің парақшам басқа блогерлердің парақшасынан қалмайды.  Бүкіл «активность» жағынан. Себебі мен халыққа не ұнайтынын білемін. Бірақ қазір көп болды. Инстаграмға көп салмай кеттім.

Салтанат АЯКЕН: Тәтті қыздарың Айдай мен Томиристің фото, видеоларын инстаграм желісіне көп саласың. Көз тиеді болмаса кері пікірлер жазылады деген сияқты ой болған жоқ па? Жалпы, ырымға сенесің бе?

Рүстем ЖҮГІНІСОВ: Көз деген бар. Өнер адамы болғаннан кейін менің бала-шағамды, орысша айтқанда, «по-любому» көреді. Содан кейін өзі ме де қызық. Былайша айтқанда, қызық контент қой ол. Қазақтың көп ырымына сенбеймін, негізі.

Салтанат АЯКЕН: Рүстем, мен саған қазір 10 сұрақ қоямын. Сол сұрақтарға кідірмей жауап берсең. Рүстем неден қорқады?

Рүстем ЖҮГІНІСОВ: Алладан.

Салтанат АЯКЕН: Рүстем карантин ережелерін бұзды ма?

Рүстем ЖҮГІНІСОВ: Кішігірім.

Салтанат АЯКЕН:  Қалай? Маска жоқ… (күліп). Бос уақытыңда не істейсің?

Рүстем ЖҮГІНІСОВ: Үйде боламын, қыздарыммен ойнаймын, теледидар көремін,  әйеліммен қалжыңдасам, әйелімнің шайын іше беремін, іше беремін.

Салтанат АЯКЕН:  Ең жаман мінезің не әдетің?

Рүстем ЖҮГІНІСОВ: Ашушаңмын.

Салтанат АЯКЕН: Айлық табысың 3 млн-нан аса ма? Карантин емес уақытта.

Рүстем ЖҮГІНІСОВ: Сол маңайда.

Салтанат АЯКЕН:  Рүстем бауырларына қатал ма?

Рүстем ЖҮГІНІСОВ: Иә.

Салтанат АЯКЕН: Ұрасың ба? (күліп)

Рүстем ЖҮГІНІСОВ: Шынтақпен ұрам десең да? (күліп)

Салтанат АЯКЕН: Рүстем жұбайына жиі сыйлық жасайды ма?

Рүстем ЖҮГІНІСОВ: Жасап тұрамын, иә. Жиі-жиі емес, бірақ жасап тұрамын.

Салтанат АЯКЕН:  Айжан эстарадалық ән жазды. Рүстем дәстүрлі ән жаза ма?

Рүстем ЖҮГІНІСОВ: Негізі, дәстүрлі ән өзіме қатты ұнайды. Мен дәстүрлі әнді де керемет орындап бере аламын. Бірақ репертуарыма қоспаймын.

Салтанат АЯКЕН:  Рүстем ұйқыны жақсы көре ма?

Рүстем ЖҮГІНІСОВ: Ұйқы мені жақсы көреді. (күліп)

Салтанат АЯКЕН:  Болды, осымен сұхбатымыз аяқталды.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close