Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаСұхбаттарШоу бизнесЭксклюзивӘнші

«Халықты ашындырмау керек!» «Меломен» тобы әріптестеріне ренішін жеткізді

«Меломен» тобы әлеуметтік желіде желіккен жұлдыздардың әрекетіне ашулы. Аталмыш үштік инстаграм арқылы бір-біріне жеңіл-желпі челлендж жолдап, халықтың алдында құнын түсірген танымалдардың қылығын түсіне алмай әлек, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Бойзбендке таяуда ғана шет елде Қайрат Нұртас бастап, оны қостаған Айқын Төлепберген мен Мейіржан Төребаевтың тірлігі де жақпаған секілді. Үзеңгілестеріне өткір пікір білдірген топтың пайымдауынша, әріптестерінің жағалаудағы әрекеті – халықтың қытығына тию!

«Қазір болмайтын челлендждер бар. Бөтелке тебеді. Мальдиваға барып суретке түседі мысалға. Енді расымен ол екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сондықтан да халықты ашындырмау керек деп ойлаймын. Мысалға, біз гастрөлдік сапармен есті дүниелер жасап, халықтың жағдайын көрдік. Халықтың қаншалықты тұрмыс-тіршілігін көрдік», дейді Melo’Men тобы

Меломендіктердің дәл бұлай сөйлеуі тегін емес. Жақында ғана республикалық турнесін бастаған топ, «еріктілер жылында» есті іспен айналысуға шақырады.

«Әдетте бізді әнші деп біледі ғой. Концертте құр жүрмей, волонтерлыққа да, президенттің басқа челлендждеріне де ат салысудамыз. Алматы облысындағы Кербұлақ ауданындағы жастармен бірігіп, көпбалалы ананың үйіне көмір кіргізіп, былайша айтқанда осы еріктілер жылына ат салыстық деп айтуға болады», — дейді топ әншілері.

«Жақсылық жасап жарысайық!» Бұл Меломен ұжымының ұстанымы! Елімізде биыл «волонтерлар жылы» ретінде ресми түрде бекітілгенімен, бұл үштіктің игі бастаманы қолға алғанына біраз уақыт өтіпті. Бірақ, өнер өкілдері қолдауға келгенде салғырттық танытатын көрінеді.

«Енді биыл волонтерлар жылы деп жарияланып кетті ғой. Біз бұны осыдан 3-4 жыл бұрын бастап кеткенбіз. Мақтанып айтып отырған жоқпыз. (күледі) Сол кезде біздің өнердегі бауырларға жолдағанбыз. Бірақ, ешкім оны қабылдамады»,  — дейді трио.

«Меломен» тобының тың бастамалары мұнымен тәмамдалмайды. Отандық эстрададағы танымал трионың енгдігі мақсаты – Ұлы Абайдың 175 жылдығын насихаттау!

«Яғни, Абай атамыздың «Көзімнің қарасы» әнін мыңнан асқан сарбазмен айтып, соны барлық қарулы күштерге жолдап жатырмыз, жасап жатырмыз»,  — дейді трио.



Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close