Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

Илья Ильин уақытша спорттан шеттетілді

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасындағы допинг-сынамаларды қайталама сараптамасының нәтижесін жариялады деп жазады Қазақпарат.

Кері нәтиже көрсеткен талдаулар:

Арменияның Ауыр атлетикадан әйелдер құрамасының мүшесі, Еуропа чемпионы Рипсиме Хуршудян. Оның талдауынан станозолол (S1.1) табылғаны расталды.

Молдова зілтеміршісі Александр Дудогло — станозолол (S1.1).

Екі ресейлік спортшы: Надежда Евстюхина — дегидрохлорметил-тестостерон  метаболиттары (S1.1 анаболикалық агенттер) және Марина Шаинова — станозол мен дегидрохлорметил-тестостерон .

Нуркан Тайлан (Түркия)  — станозолол (S1.1).

Интигам Заиров (Әзербайжан)  — дегидрохлорметил-тестостерон (S1.1) — Бұған дейінгі IWF шешімі бойынша 2023 жылдың 21 желтоқсанына дейін спорттан шеттетілген.

Илья Ильин (Қазақстан) — Станозолол (S1.1 анаболикалық агенттер) — уақытша спорттан шеттетілген.

IWF-тің қағидаттары мен ережелеріне сәйкес спортшылардың істері жабылғанша олардың допингке қарсы тәртіпті бұзғаны үшін уақытша шеттетіледі.

ХОК шешімінен соң IWF осы нәтижелерді басқаруды өз қолына алады.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

2 пікір

  1. Мен буган сенбейм. Далирек айтканда Ильиннин допинг кабылдаганына. Онын чемпион екенин бари биледи. Жанеде енди осы жолыда алтын алатынына олар коздери жеткендиктен осылай жасап отыр. Кореалмаушылык. Алайда алланын кози тузу. Ильинди шеттетсендер онын орнын басатын казактан тагы бир чемпион шыгатынына мен сенем. Сондыктан жогарыда отырган спорт жанашырлары кулактарынызга алтын сырга

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close