Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & Театр

«Тамақ жасау өте жауапты іс!» Отандық вайнер Мейіржан Төребаевтің аспаздыққа көшкені рас па?

Шығармашылықты шетке шегерген шоу-бизнестегі ер азаматтар жаппай тамақ әзірлеуге көшті, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Карантинге қамалған өнер өкілдері өздерін жаңа қырынан көрсетуге көшті.  Бәлкім күнделікті бір мәзірден шаршаған болар, әйтеуір ер азаматтар кезекпенасхана тізгінін өз қолдарына ала бастады. Осылайша, алғашқылардың бірі болып аспаздық орындыққа отандық вайнер Мейіржан Төребаев жайғасты.

“Сен шынымен мықтап кіріскенсің ғой деймін? Әрине, тамақ жасау өте жауапты іс.Онымен ойнауға да болмайды. Кіммен? Тамақпен,балықпен. Балық әзірлеу оңай шаруа емес, ал бастайық. Бүгін біз балық әзірлейміз.Оны арнайы дәмдеуіштер қосамыз.Мейрамханалар да бұлай жасай алмайды. Қалай дұрыс жасау керектігін дәл қазір көресіздер”, — дейді вайнер Мейіржан Төребаев.

Ас әзірлеуде әйгілі әзілкештен кәсіби киногерлер де қалысар емес. Карантин кезінде кезекті кинотуындының түсірілімін кейінге қалдырған Сатаев та оңтайлы сәтті құр жібермеуді қаласа керек. Көптен бері асхана аттап баспаған продюсер, студенттік шақтағы сүйікті тағамын еске түсірді.

 “Құрметті, достар, қайырлы кеш. Бүгін кешкі асты өзім дайындауды ұйғардым. Ет пен картоп қуырдым. Студенттік шақтан кейін мүлде ас әзірлемеппін. Қала болғанын қараңыздар”, — дейді режиссер Ақан Сатаев.

Ас бөлмесіне келгенде Ақанды — Айқын басып озды. Табаға буын бурқыратып ет қуырған Төлепберген талайдың тәбетін ашып үлгергені анық. Шығармашылығын шетке ысырған әртіс– осылайша қолы бос уақытында жұбайы Жұлдызды қуантуды жөн көріпті.

“Негізі бұл карантин менің ойымша қыздардан гөрі жігіттерге қиын тиіп жатқан секілді. Себебі қыздар, әйелдер қауымы үйде отырып үйренген ғой негізі.Біз сияқты жігіттер, әсіресе музыкантар, үйде қонбайтын, үйде жүрмейтін жігіттерге өте қиын болды. Сондықтан бұл жігіттердің карантині секілді қазір. Әйелдердің бәрі үйде жақсы көңіл күйде жүрген сияқты, жігіттері қасында деген секілді”, — дейді Айқын Төлепберген.

Әріптестерінің әрекетін актер Даут Шайхисламов қос қолын көтере қолдаған. Тіпті ол «асханадағы еркек» деп аталатын жаңа жоба бастап, бірқатар достарына жолдап та үлгерді. Челленждің негізгі мақсаты – үй шаруасында келіншегіне көмектесу.

 “Салем достар! Мен дәл қазір үйіміздің астанасы – асханадан репортаж жасап тұрмын. Карантин, дәл осы күндері біз үшін, отбасымыз үшін дәмді тағамдарды тек әйелдеріміз әзірлеуде. Сол үшін мен жаңа челленж бастағым келіп отыр. Ол – асханадағы еркек деп аталады, — дейді актер Даут Шайхисламов.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close