ЖаңалықтарӘнші

Танымал қазақ әншісі қытайлықтарды аузына қаратты

Қытайда өтіп жатқан «I am singer» халықаралық байқауына қатысып жатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов ерекше дауысымен қытайлықтарды таңдай қақтырды деп хабарлайды Nur.kz

Танымал қазақ әншісі қытайлықтарды аузына қаратты (видео)ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ. ФОТО: INSTAGRAM

Қытайдың Hunan TV арнасынан көрсетіліп жатқан байқау 14 кезеңнен тұрады екен. Бүгін алғашқы кезеңде бірінші боп өнер көрсеткен Димаш әділ қазылардың оң бағасын алып, бірінші орынды қанжығасына байлады. Бұл туралы әншінің менеджері Алпамыс Шаримов өзінің instagram парақшасына жариялаған.

Танымал қазақ әншісі қытайлықтарды аузына қаратты (видео)

«Сүйінші, Қазақ! Жеңіс қолда! Бірінші күнгі байқауда ұлдарыңыз Димаш Құдайберген жеңіске жетті!!! Сахнаға бір қазақ шығып мыңдаған өзге ұлт өкілдері қол шапалақтап, орындарынан тұрғанда еріксіз көзге жас алдым! Түсінген адамға бұл бір Димаштың емес, бар қазақтың жеңісі! Қазақ деген ұлтты таныды!

Қазақтың қалай əн айта алатынын əлем көрді бүгін! 2 млрд халыққа бүгін Димаш аты, Димаш арқылы Қазақ аты танылды! Димашты «Хасакіді шібән» — Қазақтың қанаты деп таныстырды байқауда! Бұл байқауда жеңу бір бөлек, қатысу мүмкіндігіне ие болудың өзі бір үлкен қиын жұмыс! Бəрі артта! Алда келесі сын!!! Ал, Бүгін біздің ауылда той! Жеңісті тойла, Қазақстан!!!», — деп жазды ол.

https://youtu.be/RW6VQkp1Sv0

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close