InstaNewsЖаңалықтарСпортШоу бизнес

Боксшы Данияр Елеусінов екінші әйелін көрсетті

Кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов әлеуметтік желіде алғаш рет отбасымен түскен суреттерін жариялады, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталының тілшісі.

Боксшы бірнеше жылдан бері Америка Құрама Штаттарында өмір сүріп жатыр. Екінші мәрте отау құрған қазақстандық спортшы сүйіктісін көптің көзіне көрсетпейтін еді. Бұл жолы Instagram парақшасында қазіргі жарымен қыдырып жүрген сәтінен сан түрлі суреттер жүктеп, оқырмандарын қызықтырып қойды.


Данияр дәл осы суреттің астына «Жексенбілік кеш! Демалыс күн керемет өтті. Ертең дайындықты жалғастырамыз», — деп жазба жариялаған.

Аталмыш постқа кәсіпқой боксшының оқырмандары да қарап қалмай, жағымды пікірлерін жарыса жаудыруда.

«Жұбайыңыз өте әдемі екен», «Бақытты болыңыз, чемпион!», «МашАллах, әйеліңіз сәнбике секілді екен», «Отбасыныз аман болсын!» «Спортта да, жанұялық өмірде де шын бақытты жан болуыңызды тілеймін», — деді желі қолданушылары.

Бүгінгі таңда Елеусінов екінші жарымен Мұхаммед есімді ұл тәрбиелеп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, отандық телеарналардың біріне  берген сұхбатында боксшы, бұрынғы әйелімен байланысын үзгенін, әйтсе де, тұңғыш баласымен қарым-қатынасының жақсы әрі жиі кездесіп тұратынын айтқан болатын.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close