Жаңалықтаржоғары

«Жыл таңдауына» қатыспаған Төреғали байқау жайлы шындығын жайды

Танымал әнші, нағыз хитмен Төреғали Төреәлі күні кеше Оңтүстіктің астанасы — Алматы төрінде дүркіреп өткен «Жыл таңдауы-2017»  музыка байқауына қатысудан бас тартқанынан бөлек, байқаудың әділ өтпегенін айтып, өзінің ренішін өлеңмен жеткізді. Әнші «Жыл таңдауы-2017» байқауына қатысатындар қатарында 91 тобы болғандықтан, қатысудан бас тартқан.

Жұлдеге қатыспаған Төреғали жүлдеге қол жеткізе алмаған ақын Дидар Қамиевке өлең жолдарын арнаған. Ол «Жыл таңдауы 2017» байқауында айтыскер ақын, 30-дан аса темір тұлпарды иемденіп жүрген Айнұр Тұрсынбаевамен таласқа түскен. Нәтижесінде жүлдеге Айнұр Тұрсынбаева ие болған байқауға өзінің желідегі парақшасына, 2 миллионнан астам оқырманы бар аудиторияға табыстау рәсімінен үзінді жариялап, наразылық танытқан Төреғали мынадай өлең арнады:

«Бәйгені бермей жүйрік-тұлпарларға,

Жүлдені бермей қыран-сұңқарларға.

Кешегі кешті жасап жүргендердің

Қулығымен болады түлкі алдауға.

Дидарым сен xалықтың таңдауысың

Басқаларын білмеймін кім таңдауда?

Асылым-ау, ғасырдың таңдауы ең ғой

Жылтыңдап нәғіп жүрсің жыл таңдауда?!», — деп жазды ол.

"Жыл таңдауына" қатыспаған Төреғали додаға қатысты өз шындығын жайып салды

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

3 пікір

  1. 91 тобы ТТТ соншалықты не істеп қойды? Олар үшін қатыспайтындай? Өзінің түсінігінің төмен екен көрсетіп қойды. Ол концертте жартысынан көбі жастар болды және сол жастардың бәрі 91 тобы үшін келді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close