Жаңалықтаржоғары

«Бала дауысы» жобасының финалистері концерт берді

DISNEYLAND күтіп жүрген «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауының «болашақ» жеңімпазы мен жоба финалистері осы жұмада Алматы қаласының «Оқушылар сарайында» сарайдың балақайлары үшін концерт өткізді. Кеште жоба финалистері өздерінің толық дайын екендіктерін көрсетіп, жаңа әндерін айтып, балалар мен ата-аналарды қуантып қайтты. Естеріңізге сала кетейік, жобаның финалы «Алматы Аренада» Республикалық масштабта, үлкен көлемді, 3 күн бойы, яғни, 27-28-29 қазан арасында өтеді. Алматыда болсаңыз, міндетті түрде барып, сүйікті жас өнерпазыңызды қолдап қайтыңыз! Басқа қаланың тұрғындары үшін,  КТК каналында тікелей эфирде көрсетіледі. «Бала дауысымен» жаңа жұлдызды бірге жағайық!

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close