Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаПродюсерРепортаждарСұхбаттарШоу бизнесШоумен & ТұлғаЭксклюзивӘнші

«Қазақ тілін үйретті!» Rin’Go тобындағы ұйғыр жігіт әріптестеріне алғыс айтты

Rin’Go тобының әншісі Әділжан, аталған ұжымдағы қазақ жігіттерінің арқасында мемлекеттік тілді қалай жылдам меңгерудің құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Rin’Go-лық Әділжан үшін мамырдың алғашқы күні ерекше мереке. Өйткені, 130-дан астам ұлыс өкілін бір шаңырақ астында тоғыстырған Қазақстан халқына деген оның құрметі зор. Өнерлі ұйғыр ұлтының жігіті мен талантты қазақ балаларын табыстырған әуелі музыкаға деген құштарлық, кейін достыққа ұласқан.

«Егер музыка болмаған болса, мен 2006 жылы SuperStar.Kz-3 жобасында Даниярмен таныспас едім. Содан кейін Данияр арқылы қалған балалармен, Алуа ханыммен танысып кеттім. Егер достық болмаған болса, бұл былай ұзақ жылдарға созылмайтын еді. Сендер ұзақ жылдар бойы неге бірге келе жатырсыңдар десе, ол біздің достығымыз. Біз бір отбасы сияқты. Алуа ханым – біздің мамамыз, оны бәрі біледі», — дейді Rin’Go тобындағы Әділжан Умаров.  

Алуа Қонаованың қол астына келгелі, Әділжанның қазақшасы әлдеқайда жақсарған. Умаровтың мемлекеттік тілде жетік меңгеруіне жанындағы жігіттердің жәрдемі мол!

«Көпұлттардың бір топта болғаны өте жақсы. Мысалы, мен қазақ тілін осы топқа келіп, жігіттермен сөйлесіп, естіп, қазақша әндерді көп айтып, содан менің қазақ тілім жақсы болды. «Рингоға» келмес бұрын қазақша түсінетін едім, бірақ сөйлей алмаймын. Сөйлесем өте қатты акцентпен», — дейді Rin’Go ұжымындағы ұйғыр жігіт.

Айтпақшы, қазақ-қырғыз бір туған десек, «Ордалық» жігіттер еріксіз ойға оралады. Иә, аталмыш ұжымдағы Нұрлан Алымбеков айыр қалпақты ағайынның өкілі. Татулығы жарасқан төрттік жиырма жылға жуық бір топта ән салып жүр. Осы уақыт аралығында олардың арасынан ала мысық өтпеген.

«Иә, «Орда» тобына биыл 20 жыл болды. 2000 жылы біз құрылғанбыз. Өнер жолы – нағыз біздің таңдауымыз. Өнер адамы деген біріншіден, жауапкершілігі мол адам», — дейді Есболат Беделхан.

Музыкаға деген махаббат ұлт талғамайтынын дәлелдеген жұлдызды ұжымдар жетерлік. Мәселен, кьюпоп бағытындағы Madmen бестігінде бірнеше этнос өкілдері өнер көрсетсе, қазақстандық Анатолий Цой да біраз уақыт бойы ресейлік әрі украиналық әріптестерімен MBand командасында тату-тәтті ән шырқады. Сондай-ақ, отандық эстрадада ұзақ жылдық тарихы бар 101  тобының да құрамы қазақ, орыс, кәріс жігіттерінен жасақталған! Бұл бірлігі қалыптасқан бойзбендердің құпиясы – өзара сыйластығында! Сондықтан болар, өнер атты өлкеде табысқан талантты достарына дән риза, алақанында аялаған халыққа да айтар алғысы шексіз!

«Осы сұхбатты пайдалана отырып, өзімнің ең жақын жолдастарым, ең жақын достарым – «Орда» тобының мүшелерінің барлығына үлкен рақмет айтқым келеді. Мен сендерді қатты сыйлаймын, жақсы көремін», — дейді «Орда» тобындағы кіші Беделхан.

«Барша Қазақстан халқын, қазақ елін, барлық Қазақстандағы ұлттарды осындай керемет мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, мол бақы тілмеймін. Осындай аспанымыз ашық болсын», — дейді Rin’Go тобының мүшесі Умаров.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close