Жаңалықтаржоғары

GOOGLE «Жыл тұлғасы» атанған Димаш Құдайбергенов

2017 жыл Димаш үшін Мега- жұлдызға айналу жылы болды. GOOGLE «Жыл тұлғасы» атанған Димаш Құдайбергенов іздеу жүйесіне ең көп енгізілген іздеулердің көшін бастап тұр деп хабарлайды НТК арнасының Ревю жаңалықтарына сілтеме жасап Жұлдыздар Әлемі.

Отандық ғаламтор қолданушыларын, Димаш Құдайбергенов пен Диана Шурыгина қызықтырған!

Іздеу жүйесіне ең көп енгізілген сөз «Игра престолов»! Тақ үшін талас жолындағы фэнтазимен қоса, «Ольга», «Физрук», «Патруль», «Универ», «Полицейский с Рублевки» телехикаяларын да көпшілік жиі тамашалап, туындыларға қатысты ақпаратқа қаныққан.

Қазақстандық гугл қолданушыларының ең мол сұранысына ие болған фильм «Форсаж-8»! Бұл тізімде екінші «Тор. Рагнарек» тұрса, үздік үштікті «Оно» хорроры қорытындылаған.

Биыл, саяхатқа ден қойған отандастырымыз қатары мол болған сынды. Көпшілік темір жол, Универсиада, ЭКСПО, Дю Солей циркінің билеттері жайлы мәлімметтерді жиі қараған. Бұған қоса, спинер мен гидроскутерлерді де іздеген.

Гугл «Жыл тұлғасы» ретінде Димаш Құдайбергеновты атады. Жезтаңдай әнші жайлы білуді қалағандар тым көп. Бұдан бөлек Диана Шурыгина мен «Linkin Park» әншісі Честор Беннингтон жайлы да ақпаратты жиі іздеген.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close