Басты жаңалықтарЖаңалықтарСараптамаларШоу бизнесЭксклюзивӘнші

«Бесікке бөлемеймін!» Екінші рет ана атанған Аша Матай алғаш рет сұхбат берді

Осыдан бір ай бұрын ғана екінші мәрте сәбилі болған Аша журналистердің құрығына ілікті. Жас ана нәрестесін үйде қалдырып, сауық кештерде бой көрсете бастаған, деп хабарлайды Shownews.kz тілшісі

Матай перзентханадан шыққаннан кейінгі алғашқы сұхбатында екі бірдей бұрымдыны тәрбиелеудің жауапкершілігін сезіне бастағандай.

«Оңай емес, әрине.  Себебі, ол жауапкершілік. Екі есе жауапкершілік. Балаға дұрыс тәрбие бере аламыз ба, ол баламыз ауырып қалмасын, дені сау болсын деген сияқты. Үлгілі болсын дегендей. Әрине, қорқыныш бар. Мен жақтан да, Арман жақтан да екі жақтағы ата, әжемізде әрине қорқады. Дегенмен де, аллаға шүкір! Біссімілә, ептеп өсіріп жатырмыз», – деді Аша.  

Арман тұңғышы Асылымның атын өзі қойса, бұл жолы да әнші әке әдеттен жаңылмапты. Жас жанұя екінші сәбиінің есімін таңдауда көпшіліктің пікірімен санасып әуре-сарсанға түспеген.

«Данагүл Темірсұлтанованың қызының аты Айым.  Өте әдемі қыз. Негізі мен де Айым деген есімге тамсанып бір қарағаным бар. Және де Арман қарап қалған кезде қалай дәл таптың деп қоямын. Иә, маған да ұнаған. Сөйтіп екеуіміз қойдық. Ұсыныс білдірген Арман», — дейді Матай.

Кішкентай кестетігерге ат қою Арманның еншісіне бұйырғанымен, Айым тура Ашаның көшірмесі көрінеді. Сәби әлі кішкентай болса да, жас ана бөбегінің өзіне тарқанын аңғарып қойған.

«Осы жолы маған ұқсайтын сияқты. (күледі) Себебі, үлкеніміз әкесіне ұқсайды. Ал, кішісі менің ойымша маған ұқсайтын сияқты. Мынадай бір томпақтығы бар», — дейді жұлдызды ана.

Матайдың декреттік демалысы ұзаққа созылмайтын сыңайлы. Сәбиінің буыны қатая салысымен, Айымды сенімді жандарға тапсырып, Аша бірден жұмысқа кірісуді жоспарлап жүр.

«Негізінде мені жұмыста наурыздан бастап күтіп отыр. Тезірек-тезірек деп, бәлкім сәуірде болар. Көреміз. Себебі, наурызда жоспарланып қойған енді, біздің тойымыз бар ғой. Бұйыртса тойымыз наурызда болады. Құпиямызды ашып қойдым ғой», — дейді тележүргізуші.

Дәл осылай Аша жанұясындағы біраз құпияның бетін ашты. Әдетте жұртшылыққа қазақы болмыста көрінетін Арман мен Аша салт-дәстүрге келгенде салғырттық танытатын секілді.

«Бесікке салған жоқпын негізінде. Асылымды да салған жоқпыз, Айымды да салған жоқпыз. Бірақ бесігіміз пайда болса, бәлкім салып қалармыз. Ешкім бесік сыйлаған жоқ», дейді Аша.

Қазіргі таңда ана мен сәбидің жағдайы жақсы. Таяуда ғана қызды болған Қоңырбаевтар әулеті күні кеше кішкентай ханшайымның қырқынан шығарып, салтанатты түрде атап өтті!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close