Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғары

«Бала дауысы» жобасының ақтық кезеңі басталды

«Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауының ақтық кезеңі басталды. Естеріңізге, жобаның финал ережесін сала кетейік. БАЙҚАУДЫҢ ФИНАЛДЫҚ САТЫСЫ (1 қазан – 31 қазан 2017 жыл)

1. Байқаудың финалы (телевизиялық шоу) Алматы қаласында 27, 28, 29 қазанда КТК каналында тікелей эфирдекөрсетіледі. 1 қазаннан бастап барлық финалисттерге «Бөбек» Ұлттық орталығында орналасқан «Жұлдызды үй» өз есігін айқара ашады. Балалармен хореографтар, стилисттер және музыкалық продюсерлер жұмыс жасайды.

2. Байқаудың финалы 16 финалист қатысатын 3 бөлімнен тұрады:

  • 27 қазан – Байқаудың концерттік бағдарламасы:  Қатысушы тәлімгермен дуэтте тәлімгердің авторлық әнін орындайды.
  • 28 қазан —  Байқаудың концерттік бағдарламасы: «Ұлы Даланың аңыз әндері»; Қатысушылар заманауи өңдеуден өткен қазақтың белгілі халық әндерін бірігіп, дуэтте орындайды.
  • 29 қазан — Байқаудың концерттік бағдарламасы: Қ«Әлемдік хит»; Қатысушы әлемдік хитке айналған 1 ән орындайды.

Барлық байқау кезеңдері кәсіби мамандардан құралған қазылар – алқасынан және смс арқылы дауыс бере алатын телекөрермендерден тұрады.

Суперфиналда белгілі әнші, финалистердің жұлдызды тәлімгерлерінен бөлек, Жанар Дұғаловамен қатар Ninety One тобы да өнер көрсетпек.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close