Жаңалықтар

Димаштың 2-ші орыннан 369-шы орынға бір-ақ түсіп қалғаны үшін әншінің фанаттары сотқа жүгінбекші

Әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов «Ғаламның үздік дауысы» деген америкалық шоуда бақ сынауда. Күні кеше дауыс беру нәтижесі бойынша 2-ші орында тұрған Димаш Құдайберген бүгін 369-шы орынға бір-ақ түскен. Мұны көрген әншінің фанаттары Ranker рейтингтер сайтын сотқа бермек деп жазады NUR.KZ.

Осыдан бірнеше күн бұрын әлемнің ең үздік дауысын анықтау үшін ranker.com сайтында дауыс беріп басталып кетті.

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген дауыс беру жабылуына бірнеше сағат қалғанда 2-ші орында тұрған. Ол дауыс саны жағынан тек Фредди Меркьюриге жол беріпті. Ал Димашқа әлемнің түпкір-түпкірінен 90 мың адам дауыс берген.

Фото: Тамара Гаева/facebook.com

Ал дауыс беру аяқталған сәтте қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 369-шы орынға бір-ақ құлаған. Әншінің 90 мың лүпілінің 16 мыңы ғана қалған. Ал әншіні ұнатпағандар (дизлайк) саны 113 мыңға жеткен.

Фото: Тамара Гаева/facebook.com

Фото: Тамара Гаева/facebook.com

Мұндай нәтиже күтпеген Димаш Құдайбергеннің тыңдармандары сайт ұйымдастырушыларына әлемнің түпкір-түпкірінен теріс пікірді қарша боратуда.

«Димаштың лайктарын дизлайктарға ауыстырып жіберген.

«Қандай бассыздық? 105 мыңнан аса дауыс жинап тұрған адамды қалай 369-шы орынға түсіріп жіберуге болады? Димашқа мұндай дауыс беріледі деп күтпеген болар. Сайттың масқарасы шықты ғой».

«Түнде қарағанымда Димаштың дауысы бәрінен көп болатын. Бұл арандату екені анық».

«Сіздер лайк пен дизлайктың орнын ауыстырып, Димашты 369-шы орынға құлаттыңыздар. Сайттың бұл алғашқы құйтырқылығы емес».

Сонымен қатар әншінің тыңдармандары сайт әкімшілігінен түсінік беруді талап етті. Егер олай болмаған жайғдайда Димаш Құдайбергеннің тыңдармандары ұйымдастырушыларды сотқа бермек.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close