Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & ТеатрТұсаукесер

Асқар Ұзабаев KAZBAT картинасының тұсауын кесті

Асқар Ұзабаевтың KAZBAT фильмі үлкен экранға жол тартты. Әдетте тәжірибелі актерлармен жұмыс істейтін режиссер, бұл жолы атаулы туындысын тек жастармен жасақтаған, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

KAZBAT — күні кеше тұсауы кесілген тың туынды. Фильмнің режиссері көпшілікке комедия жанры арқылы танылған – Асқар Ұзабаев. Осы уақытқа дейін тек азулы актерлармен шығармашылық тандем құрған киногер, бұл жолы жастардың жұлдызын жақпақшы.
«Фильмдегі актерлық құрам тек жастардан құралған. Мен өзіме бұрын-соңды жұмыс жасамаған актерлардың шеберліктерін шыңдаймын деген мақсат қойдым. Ең бастысы көрерменге ұнап, оң бағасын берсе мен қуаныштымын», — дейді Асқар Ұзабаев.
Ауған соғысының 1995 жылын суреттейтін фильм желісінде төрт сарбаздың өмірі баяндалады. Біреуі байдың баласы, екіншісі ауылдың қарапайым тумасы, үшіншісі бұзақы жігіт және оқуға түсуде жолы болмаған Азамат есімді кейіпкер. Өмірден өздерін таба алмай адасқандар, әскерде жолығады. Басты рөлді Дәурен Серғазин сомдайды.


«Маған бұл образды сомдау қиынға соқты. Жалпы физикалық жағынан үлкен тәжірибе болды. Қырық күнде күннің астында жүріп, сарбаздардың бір жыл көретінін біз бір айда көрдік. Өте қиын болды», — дейді актер Серғазин.
Дәурен шынайы сарбаздың тыныс-тіршілігімен таныс емес. Өйткені, өнер иесі өмірде отан алдындағы борышын өтемеген.
«Мен әскерге барғаным жоқ. Неге екенін білмим, шақырған жоқ. Бірақ, осы әскери тақырып маған жақын. Осындай олқылықтың орнын толытру үшін дәл осы жанрдағы жобаларға түскім келіп жүретін. Сәті түсіп мін, бүгін KAZBAT фильмінде бой көрсетім», — деді Дәурен.


Кинода Дәуреннің ғашығын Индира Шынболатқызы ойнайды. Жас актриса сәтті образ үшін ашық сахналардан да бас тартпаған.
«Алғашқыда ашық образды сомдауға келіспеген едім. Содан кейін ойымды өзгерттім. Бұл кино болғаннан кейін, жұмыс болғаннан кейін онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Бірақ, фильмдегі кейіпкерімді ойнағаным маған ұнамады», — дейді актриса.
Фильмдегі айқас, төбелес сынды сахналық қойылымдарды ұсынған актер Айбасов. Бұл Жандостың өзі жетекшілік еткен алғашқы жобасы.
«Фильм өте әсерлі, маған қатты ұнады. Бұл менің ең бірінші жобам. Сондықтан менің көңілімнен шықты», — дейді Жандос Айбасов.
Отандық киноиндустриядағы қаптаған комедия көрерменін әлдеқашан жалықтырып үлгерген. Сондықтан болар, драма жанрындағы KAZBAT картинасы бірден көпшіліктің көңілінен шыққан сыңайлы.
«Отандық киноиндустрияда комедия жанрында түсірілген фильмдер өте коп. Комедияны мен де ұнатпаймын деп айта алмаймын. Бірақ, KAZBAT сияқты кинолар бізге керек. Көремендерге де ұнайды деген ойдамын», — дейді актриса Гүлбаһрам Байбосынова.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close