InstaNewsЖаңалықтарШоу бизнес

Айнұр Тұрсынбаева Стамбулдан Дубайға шұғыл түрде неге ұшып келді?

Күні кеше танымал продюсер Гүлнұр Мамасарипова жұлдызды құрбыларын жанына жинады. Әдетте, меншікті мерекесін туған жерінде тойлайтын журналист, кезекті төл мейрамын Дубайда дүркіретіп өткізген, деп хабарлайды Shownews.kz тілшісі.

Азулы продюсер Гүлнұр Мамасарипова 45 жасын  Дубайдың Burj Al Arab қонақүйіндегі мейрамханалардың бірінде атап өткен. Туған күн иесі бұл жолы жеке мерекесін жақын құрбыларымен қарсы алуды жөн көрді.

Бас қосуға шақырылған меймандардың арасында белгілі блогер Айнұр Асқарқызы, журналист Гүлбаршын Заирова, продюсер Айнұр Көпбасарова, тележүргізуші Айнұр Асанберді бар.

Шет мемлекетте туған күнін тойлаған Гүлнұр, Айнұр Тұрсынбаеваға ерекше алғысын айтты. Өйткені, айтыскер ақын Мамасарипованың меншікті мерекесі үшін Стамбулдан арнайы Дубайға ұшып келген.

«Туған күн ресми түрде басталды. Мына орамалды кісіні танып отырған шығарсыздар, Стамбулдан арнайы ұшып келді», — деп туған күн иесі Айнұр Тұрсынбаеваға ризашылығын білдірді.

«Өмірде ешқашан жетпейтін екі нәрсе бар. Бірі — уақыт, екіншісі — ақша. Тірліктің бәрін ысырып тастап, Гүләпшенің туған күнін тойлауға Дубайға жиналдық. «Осы отырған отырыс бір ғанибет емес пе?!» дейтіндей, бір керемет кеш болды. Ал сіздер жақында қандай туған күнді тойлағалы жатырсыздар? Жиналып бір жаққа шығып кету жоспарда бар ма? «Оған ақша қайда? Бізді кім жіберсін?!» деп жылауым жоқ» , — деді Айнұр Тұрсынбаева.

Әдетте  әр сәтін дәл осы құрбыларымен өткізетін Ерке Есмахан, бұл жолы жұлдызды патиде бой көрсетпеді. Десек те, қуаныштан құр қалған әнші санаулы сағаттан соң қатарға қосылған.

«Суретте толық құрам емес, қатарымызға Ерке Есмахан қосылды, енді жәй ғана демаламыз», — деді Мамасарипова.

Бүгінгі таңда жұлдызды құрбылар әлі де демалып жатыр. Дубайдағы қазақ келіншектерінің бас қосуы жақын күндері аяқталмайтын сияқты.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close