Басты жаңалықтаржоғарыКино & Театр

Сәуір айында көрсетілетін отандық фильмдер!

Қазіргі таңда отандық фильмге деген қызығушылық күннен күнге артып келеді. Отандық режиссерлер шетел режиссерлерден шет қалмай, көрермендер таңдап алатындай әр-түрлі жанрда фильмдер шығаруда. Халық асығып күтіп жүрген , сәуір айында көрерменге ұсынуға дайын фильмдерінің тізімін назарларыңызға ұсынамыз!

Әсел Сәдуақасованың продюсерлігімен түсірілген, Асқар Бисембиннің «Отыз жаста тұрмысқа шығу» комедиясы. Басты рөлдерде Әсел Сәдуақасова, Санжар Мәдиев, Жанна Қуанышева сынды танымал актерлер ойнайды.

Жас режиссер Ғалым Асылов түсірген «Супертой» комедиясы да сәуір айында көрермендерге жол тартпақ. Фильмде вайнер Нұрлан Батыров, Динара Бақтыбаева, Арыстан Әбділдаев сынды жас актерлерді көре аласыздар!

https://youtu.be/sk2UJhs64Sk

Зомби-триллер жанрында түсірілген, жас режиссер Дәулет Әуелбековтың «Selfie с мертвецами» фильмі де осы айда көрермендерге жол тартады. Фильмнің продюсері — Ермек Шаяхмет, басты рөлді де продюсердің өзі сомдайды.

 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close